Барыстың финалға шығуына бір қадам қалды

14 naýryz
795

Өскеменде «Барыс» пен «Торпедо» арасындағы жартылай финалдық серияның үшінші матчы өтті.

Елордалық ұжым бастапқы кезеңді жақсы өткізді: Бейбарыс Оразов пен Артур Гросс қарсы қақпаға шайба салды. Ян Тютюньков пен Никита Мерзликин өскемендіктерді ойынға қайтарды. Алайда қонақтар «Торпедоның» арынын дер кезінде басты. Кирилл Ляпунов пен Кирилл Канкин екінші үзіліске дейін-ақ бір-бір шайбадан салды. Соңғы кезең нәтижелі шабуылсыз өтті. Осылайша, «Барыс» сериядағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп, қарсыластың сериядағы жағдайын қиындатты.

«Торпедо» - «Барыс» 2:4 (0:2, 2:2, 0:0)

0:1 - 06:28 - Оразов (Ляпунов, Симонов) ГБ

0:2 - 13:07 - Гросс

1:2 - 20:50 - Тютюньков Я. (Якубджанов, Базанов) ГБ

2:2 - 29:00 - Мерзликин (Кисель, Глухих)

2:3 - 35:23 - Ляпунов (Русланулы, Большедворский)

2:4 - 38:38 - Канкин (Мигунов)

Қақпашылар: Эрштейн - Шестаков

«Барыс» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 3-0 (6:0, 6:4, 4:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.