Барыс пен Жас Батыр 1xBet Jastar Hokei Ligasy финалында ойнайды

15 naýryz
389

Өскемен мен Ақтөбеде жартылай финалдық сериялар аяқталды.

Алаң иелерінің табандылығына қарамастан, елордалық ұжым ойын барысын бақылауда ұстап, шешуші кезеңде дәлірек көздеді. Нәтижесінде қонақтар әрбір кезеңде екі голдан салып, «торпедолықтарға» серияда бір де бір матчты жеңуге мүмкіндік бермеді. Осылайша, «Барыс» Қазақстан жастар чемпионатының алғашқы финалисі атанды.

«Торпедо» - «Барыс» 4:6 (1:2, 1:2, 2:2)

1:0 - 04:57 - Астраханцев (Тютюньков)

1:1 - 07:20 - Симонов (Оразов)

1:2 - 12:29 - Бейсембаев (Қажыбеков)

2:2 - 21:27 - Базанов ГМ

2:3 - 26:12 - Оразов (Гросс)

2:4 - 30:36 - Шақшақбаев (Мигунов, Мұқанов) ГМ

3:4 - 40:48 - Базанов (Астраханцев, Кисель)

3:5 - 42:16 - Қажыбеков (Перкин)

3:6 - 49:32 - Мұқканов

4:6 - 52:49 - Кисель (Мерзликин, Тютюньков) ГБ

Қақпашылар: Эрштейн - Шестаков

«Барыс» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 4-0 (6:0, 6:4, 4:2, 6:4)

«Жас Батыр» да ұзаққа созбай, «Ақтөбемен» серияны минималды матч санымен аяқтауға бел буды. Бүгін қонақтар бірінші кезеңнің алғашқы жартысында нәтижелі ойын көрсетті. Атыраулықтар өз тарихында алғаш рет чемпионаттың алтын медальдары үшін таласады.

«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 2:4 (1:2, 0:1, 1:1)

0:1 - 09:20 - Мұхамедияров (Строчкин, Садықов) ГБ

0:2 - 10:33 - Папшев (Трибунский, Пиниди)

1:2 - 15:48 - Монахов (Қайыргелді, Мозжерин)

1:3 - 25:24 - Күнтуғанов (Папшев, Пиниди)

1:4 - 54:15 - Строчкин (Мұхамедияров)

2:4 - 58:41 - Потапов (Бурамбаев, Поленов)

Қақпашылар: Дубович – Дударкиев

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 4-0 (6:3, 12:2, 3:1, 4:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.