Барыс финалдық серияны жеңіспен бастады, Торпедоның қола медальді иемденуіне бір қадам қалды

28 naýryz
931

Атырауда Қазақстан жастар чемпионатының финалдық сериясы басталды.

Қола сериясының екінші матчы дәл біріншінің сценарийімен өтті. Және тағы да ойынның 60 минутында командалар тең түсті. Бір қызығы, негізгі уақытта салынған үш шайбаның авторлары дәл кеше салған ойыншылар болды. Алаң иелері құрамынан өз есептерін сұрмергендер Кирилл Хан мен Даниил Якубджанов толтырды. Қонақтардан Александр Бурамбаев және үшінші кезеңнің ааяқталуына 23 секунд қалғанда ойынды овертаймға айналдырған Ерасыл Шайкенов салды.

Ал қосымша уақыт бүгін кешегідей ұзаққа созылмады. Данил Омельковец командаларды «Ақтөбеге» сериядағы «Торпедоның» басымдығымен ойыстырды.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 3:2 ОТ (1:1, 1:0, 0:1, 1:0)

0:1 - 01:53 - Бурамбаев (Зубарев, Шайкенов)

1:1 - 13:09 - Хан (Базанов, Мерзликин)

2:1 - 37:03 - Якубджанов (Дубинкин)

2:2 - 59:37 - Шайкенов (Курсакбаев, Поленов)

3:2 - 62:57 - Омельковец

Қақпашылар: Эрштейн - Костюков

«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 2-0 (3:2 ОТ, 3:2 ОТ)

«Барыс» финалдық серияны сенімді жеңіспен бастады. Елордалық ұжым қорғаныста мығым ойнап, өздерінің гол салатын сәттерін уыстан шығармады. Жекпе-жектің басты қаһарманы – қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс берген қонақтардың қақпашысы Артём Шестаков. Артур Гросс, Кирилл Ляпунов, Глеб Решетько мен Асанәлі Сәркенов гол салды. Серияның екінші матчы ертең Атырауда өтеді.

«Жас Батыр» - «Барыс» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)

0:1 - 01:17 - Гросс (Мигунов, Шипилин) ГБ

0:2 - 39:00 - Ляпунов (Русланулы, Мигунов)

0:3 - 43:15 - Решетько (Муканов, Шакшакбаев) ГБ

0:4 - 51:04 - Саркенов (Левковец) ГМ

Қақпашылар: Дударкиев - Шестаков

«Жас Батыр» - «Барыс» сериясындағы есеп: 0-1 (0:4)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.