Барыс Атыраудан екі жеңіспен қайтты

29 naýryz
958

Атырауда Қазақстан жастар чемпионатының финалдық сериясының екінші матчты өтті.

«Жас Батыр» финалдың үйдегі матчтарында өзінің бар мүмкіндігін көрсете алмады. Бүгін алаң иелері Данила Пиниди мен Руслан Телғожаевтың арқасында Артём Шестаковтың қақпасын алды, алайда жеңіске жету үшін екі гол жеткіліксіз болды. Қонақтардың құрамынан Алмаз Мұқанов пен Әділ Бейсембаев үш балдан иемденді. Енді командалар елордаға сериядағы «Барыстың» басымдығымен ойысады.

«Жас Батыр» - «Барыс» 2:8 (0:1, 1:3, 1:4)

0:1 - 00:43 - Ляпунов (Симонов, Решетько)

0:2 - 26:32 - Мұқанов (Бейсембаев, Авдеенко)

0:3 - 29:05 - Гросс (Шапоров, Мигунов)

0:4 - 36:28 - Қажыбеков (Сәркенов, Перкин)

1:4 - 37:56 - Пиниди (Строчкин)

1:5 - 42:29 - Перкин (Қажыбеков)

1:6 - 47:46 - Решетько (Симонов, Оразов)

1:7 - 50:40 - Ермак (Мұқанов, Бейсембаев)

2:7 - 58:46 - Телғожаев (Щепеицких, Пиниди) ГБ

2:8 - 59:52 - Бейсембаев (Мұқанов, Ермак)

Қақпашылар: Дударкиев (Прицкер, 50:40-60:00) - Шестаков

«Жас Батыр» - «Барыс» сериясындағы есеп: 0-2 (0:4, 2:8)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.