Барыс – Қазақстан жастар чемпионатының бес дүркін жеңімпазы

2 sáýir
904

Астанада 1xBet Jastar Hokei Ligasy плей-оффының төртінші және қорытынды жекпе-жегі өтті.

Бірінші кезеңде командалар белсенді болып, бірлесіп 26 соққы жасады. Алайда бұл кезеңде қақпашылар тамаша ойын көрсетті. Ал екінші жиырма минутта алаң иелері ұтымды сәттерін қолдана бастады. Сұрмергендер Семён Симонов, Бейбарыс Оразов пен Раты Дурглишвили өз есептерін толтырды.

Жайлы есеп алшақтығын орнатқан елордалық ұжым ойынды өз бақылауынан шығармай, матчты сериядағы төртінші жеңісіне жеткізді. Текетіресті қонақтардың бос қақпасына дөп түскен Александр Мигунов қорытындылады. Артём Шестаков қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді.

Осылайша, «Барыс» қатарынан бесінші рет Қазақстан жастар чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алды. «Жас Батыр» өз тарихында алғаш рет күміс жүлдегер атанды.

«Барыс» - «Жас Батыр» 4:0 (0:0, 3:0, 1:0)

1:0 - 30:24 - Симонов

2:0 - 34:08 - Оразов (Ермак)

3:0 - 38:28 - Дурглишвили

4:0 - 58:43 - Мигунов ГМ

Қақпашылар: Шестаков - Дударкиев

«Жас Батыр» - «Барыс» сериясындағы есеп: 0-4 (0:4, 2:8, 3:5, 0:4)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.