Барыс пен Жас Батыр марапатталды

2 sáýir
328

Астанада 1xBet Jastar Hokei Ligasy-ның жеңімпазы мен күміс жүлдегерін марапаттау салтанаты болып өтті.

Астанада 1xBetJastarHokeiLigasy-ның жеңімпазы мен күміс жүлдегерін марапаттау салтанаты болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Алексей Мамонтов, «Барыстың» бас директорының орынбасары Болат Қарабалин және «Барыс» БЖСМ директоры Руслан Нұрмұхамедов қатысты.

Еске сала кетейік, хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының финалдық сериясында «Барыс» «Жас Батырдан» басым түсті (4-0). Елордалық ұжым бірінші орын үшін алтын медальмен және Jastar Hokei Ligasy кубогімен марапатталды. Маусымды екінші орынмен аяқтаған атыраулықтар күміс марапат алды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.