Торпедоның маусымалды дайындық жоспары

22 shilde
573

Өскемендік клубтың баспасөз қызметі жастар командасының Jastar Hokei Ligasy-ның алдағы маусымына дайындық жоспарын жария етті.

«Торпедолықтар» медициналық тексеруден өтті және 20 шілдеде Сібе көлдерінде дайындық оқу-жаттығу жиыны басталды. Алексей Решетниковтің, Досжан Есіркенов пен Роман Штефанның жетекшілігімен команда екіфазалық режимде дайындалады.

Өскеменге оралғаннан кейін Өскеменде жаттығу циклі Борис Александров атындағы Спорт сарайының мұзайдынында басталады. Астанада төрт маусымалды матч жоспарланған: 26 және 27 тамызда «Торпедо» «Барыспен», 29 және 30 тамызда «Барыс-2007-мен» бақылау кездесулерін өткізеді.

Әрі қарай «Торпедо» Қазақстан жастар кубогіне қатысып, одан кейін Өскеменде ел чемпионатына дайындықты жалғастырады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.