Астана Горнякты қатарынан екінші жеңілісіне ұшыратты

5 qyrkúıek
181

Қарағандыда хоккейден Қазақстан жастар кубогінің ойындары жалғасып жатыр.

Ойын күнінің жалғыз матчында «Астана» мен кеше «Барыстан» ойсырай жеңілген «Горняк» кездесті. Рудныйлық жанкүйерлердің өкінішіне қарай, екінші елордалық ұжым да Андрей Шевченконың ойыншыларына ұпай алдырмады.

Бұл ретте ойынның шартты қонақтары соңғы кезең басталмай тұрып жеңістен үмітті болды. Алайда матчтың соңғы 20 минутында «Астана» сегіз нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Жеңімпаздар құрамынан Ерасыл Кентаев покер жасады, хет-трик Айдар Сулейменовтің есебінде. Рудныйлықтардан екі голды өз есебіне Лев Крицин жазды.

«Астана» – «Горняк» 11:2 (3:0, 0:2, 8:0)

1:0 - 00:20 - Сулейменов (Бекеев, Амангалиев)

2:0 - 06:16 - Хидуанов (Мышляев)

3:0 - 19:08 - Кентаев (Амангалиев) ГБ

3:1 - 33:03 - Крицин

3:2 - 36:24 - Крицин (Кожуховский, Стенников)

4:2 - 40:10 - Амангалиев (Сулейменов)

5:2 - 41:59 - Кентаев (Пашковский)

6:2 - 43:41 - Шегебаев (Абдрахманов)

7:2 - 47:43 - Сулейменов (Шевченко, Бекеев) ГБ

8:2 - 48:28 - Кентаев (Пашковский)

9:2 - 52:54 - Кентаев (Шевченко) ГМ

10:2 - 54:26 - Сатемиров

11:2 - 58:43 - Сулейменов (Кентаев, Амангалиев) ГБ

Қақпашылар: Еркинов - Шинковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.