Арлан Жас Батырды жеңіп, сенсация жасады, Торпедо Кубокті ірі жеңіспен бастады

6 qyrkúıek
249

Хоккейден Қазақстан жастар кубогі ойын күнінің кешкі сессиясында үш матч өтті.

«Кармет» екінші рет қатарынан жеңіске жетіп, турнирдің финалдық кезеңі үшін тартысты жалғастыруда. Бүгін қарағандылық ұжым «Астанадан» дәлірек көздеді. Артур Хусаинов хет-трик жасады, екі гол Кубок бомбардирлерінің көшін бастаған Никита Рублёвтің есебінде. «Кармет» қақпашысы Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Астана» - «Кармет» 3:7 (1:2, 1:2, 1:3)

0:1 - 10:46 - Хусаинов (Ольденбургер)

1:1 - 15:47 - Бекеев

1:2 - 19:00 - Рублёв (Коротких, Лигай)

1:3 - 21:43 - Кайбелев (Хусаинов, Божко) ГБ

2:3 - 23:26 - Бекеев

2:4 - 36:31 - Хусаинов (Перцев)

2:5 - 47:45 - Хусаинов

3:5 - 51:27 - Шевченко (Шегебаев) ГБ

3:6 - 52:16 - Божко (Степанов) ГМ

3:7 - 55:08 - Рублёв ПВ

Қақпашылар: Еркинов (Есен, 52:16-54:50, 55:08-57:59) - Зюзин

Өткен Қазақстан чемпионатының финалисі «Жас Батыр» күтпеген жерден «Арланға» жол берді. Көкшетаулықтар шешуші үстемдікке екінші кезеңде ие болды. Дубль мен нәтижелі пас Галиаскар Аиповтың есебінде, өз командасының екі нәтижелі шабуылына Георгий Монахов (1+1) қатысты. Қақпашы Владислав Лаюровтың есебінде 34 сейв бар.

«Жас Батыр» - «Арлан» 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)

0:1 - 05:20 - Аипов (Монахов)

1:1 - 23:14 - Гусейнов (Шукелов, Недомерко)

1:2 - 26:08 - Чепышкин (Аипов, Перминов)

1:3 - 31:30 - Монахов (Байков) ГБ

2:3 - 48:13 - Контуганов (Телгожаев, Еркинов) ГБ

2:4 - 59:57 - Аипов ПВ

Қақпашылар: Костоев - Лаюров

«Торпедо» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Мұнайшыны» ойсырата жеңді. Глеб Астраханцев хет-трик жасады, қарсыласты екі реттен Никита Мерзликин мен Диас Рысбеков састырды.

«Торпедо» - «Мұнайшы» 12:1 (1:0, 2:1, 9:0)

1:0 - 05:41 - Мерзликин (Фокин, Глухих)

2:0 - 25:23 - Астраханцев (Рысбеков, Манажанов) ГБ

3:0 - 29:05 - Астраханцев (Мерзликин, Хан)

3:1 - 35:59 - Нурлан (Абенов)

4:1 - 44:32 - Астраханцев (Рысбеков, Чалкин)

5:1 - 45:33 - Худяков (Асанов)

6:1 - 48:39 - Рысбеков (Чалкин, Есимов)

7:1 - 50:23 - Асанов (Мирошниченко, Худяков)

8:1 - 50:46 - Беляков (Ботищев)

9:1 - 51:30 - Рысбеков (Есимов)

10:1 - 54:18 - Фокин (Глухих) ГМ

11:1 - 54:48 - Мерзликин (Глухих) ГМ

12:1 - 57:28 - Ботищев

Қақпашылар: Эрштейн (Осенин, 54:18-60:00) - Плотников (Челайдюк, 50:23-54:18)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.