Кармет, Ястребы мен Ақтөбе өз топтарында көш бастады

7 qyrkúıek
280

Қарағандыда, Петропавл мен Өскеменде хоккейден Қазақстан жастар кубогінің матчтары жалғасып жатыр.

«Кармет» қатарынан үшінші матчта жеңіп, турнирдің финалдық бөлігіне шығуға үмітті екенін байқатты. «Горняк» ағымдағы турнирде әзірге жеңіс дәмін татпады. Рудныйлықтар үшін екінші кезең шешуші болып, олардың қақпасына төрт шайба аттанды. Өз есебіне 4 (1+3) балдан Виталий Божко мен Артур Хусаинов жазды.

«Кармет» - «Горняк» 7:0 (1:0, 4:0, 2:0)

1:0 - 06:39 - Хусаинов (Божко)

2:0 - 24:47 - Кайбелев (Божко, Хусаинов) ГБ

3:0 - 27:46 - Сайлау (Гордин, Нурканов) ГБ

4:0 - 37:16 - Божко (Хусаинов)

5:0 - 37:41 - Коротких (Рублёв, Соколов)

6:0 - 51:25 - Нурканов (Гордин) ГМ

7:0 - 52:29 - Перцев (Хусаинов, Божко)

Қақпашылар: Селивёрстов (Зюзин, 31:12-60:00) - Кушкенов (Шапошник, 51:25-60:00)

«Арлан» В тобындағы екінші батыстық ұжымды да жеңе алмады. Бүгін көкшетаулықтар «Ястребы» командасынан құрғақ жеңіліске ұшырады. Оралдықтар әр кезеңде екі шайбадан салып, қорғаныста айтарлықтай мығым ойнады. Кездесудің ең нәтижелі ойыншылары – Никита Бородин мен Денис Семенюков (екеуі де 1+2). Ойынның шартты иелерінің қақпашысы Абай Шәріповтің есебінде 25 сейв бар.

«Ястребы» - «Арлан» 6:0 (2:0, 2:0, 2:0)

1:0 - 04:32 - Бородин (Маликов)

1:0 - 05:32 - Кабдуали ШБ

2:0 - 11:26 - Пупков (Абденов)

3:0 - 25:48 - Семенюков (Родионов, Бородин) ГБ

4:0 - 36:33 - Крицин (Семенюков, Пупков)

5:0 - 41:00 - Рахимов (Бородин)

6:0 - 59:51 - Родионов (Рахимов, Семенюков) ГБ

Қақпашылар: Шарипов - Габдуллин

«Ақтөбе» нәтижелі жекпе-жекте «Мұнайшыны» жеңіп, С тобының көшін бастады. Бұл ретте батысқазақстандықтар осы төрттіктің ең нәтижелі командасы болып отыр. Жеңімпаздар құрамынан Денис Сычугов хет-трик жасады, өз командасының төрт нәтижелі шабуылына Даниил Цихоцкий (1+3) қатысты. Павлодарлықтардан дубль Тимур Әбеновтің есебінде, командаластарына Александр Лариков үш рет пас берді.

«Ақтөбе» - «Мұнайшы» 11:5 (2:0, 4:1, 5:4)

1:0 - 12:05 - Амангелді (Росхрест)

2:0 - 16:54 - Сычугов (Касымов, Цихоцкий)

3:0 - 20:43 - Потапов (Жумажан, Двуреченский)

4:0 - 23:26 - Поленов (Герасимов)

4:1 - 28:39 - Прохоров (Лариков) ГБ

5:1 - 31:14 - Артамонов (Поленов, Герасимов)

6:1 - 34:20 - Кошевник (Потапов, Двуреченский) ГБ

6:2 - 43:10 - Әбенов (Нұрлан)

7:2 - 46:20 - Катасонов (Кошевник)

8:2 - 47:57 - Церульников (Черныш, Жумажан)

8:3 - 49:05 - Ташимов (Нейфельд, Лариков)

9:3 - 52:12 - Сычугов (Цихоцкий)

9:4 - 54:32 - Әбенов (Лариков)

9:5 - 55:01 - Нұрлан (Әбенов)

10:5 - 56:01 - Цихоцкий (Касымов, Поленов) ГБ

11:5 - 58:12 - Сычугов (Мозжерин, Цихоцкий) ГБ

Қақпашылар: Төлеубай - Плотников (Пушков, 40:00-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.