А тобының кестесінде төменгі орындарды иеленген командалардың текетіресі овертаймда өзбекстандық ұжымның пайдасына шешілді.
Ұзақ уақыт бойы «Ташкент Селект» пен «Горняк» матчтың есебін аша алмады. Тек үшінші кезеңде ғана қарсылас артық құраммен шайба алмасты. Кездесу овертаймға өтіп, онысы ұзаққа созылмады. Қосымша уақыттың 25-ші секундында Богдан Гайниахметов өзбекстандық ұжымға Қазақстан жастар кубогі аясындағы алғашқы жеңісті сыйлады.
«Ташкент Селект» - «Горняк» 2:1 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 1:0)
0:1 - 42:53 - Стенников (Жұмағалиев) ГБ
1:1 - 46:52 - Ковальчук (Багаутдинов) ГБ
2:1 - 60:25 - Гайниахметов (Нажмиев, Гулин)
Қақпашылар: Максимов - Шапошник
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.