Кармет Қарағандыдағы көшбасшылар шайқасын жеңді, Торпедо Ақтөбені жартылай финалға өткізбеді

9 qyrkúıek
225

Қарағандыда, Петропавл мен Өскеменде ҚР жастар кубогінің топтық кезеңі аяқталды.

А тобының бағдарламасын «Кармет» пен «Барыс» көшбасшыларының текетіресі аяқтады. Елордалық ұжым бірінші кезеңнің алғашқы жартысын екпіндетіп өткізді, алайда әрі қарай тек алаң иелері гол салды. Қарағандылықтар құрамынан Тимофей Симонов дубль жасады. Бұл жеңіс Данияр Ахметовтің ойыншыларына аталмыш төрттікте бірінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Алайда «Барыс» та жеңіліске қарамастан, Кубок үшін жорықты жалғастырады – астаналықтар өз топтарында екінші орын алған командалар арасынан үздік атанды.

«Кармет» - «Барыс» 5:2 (1:2, 3:0, 1:0)

0:1 - 09:45 - Лукавенко (Амырканов) ГБ

0:2 - 10:35 - Алдонгар (Цой)

1:2 - 14:22 - Перцев (Хусаинов, Божко)

2:2 - 30:56 - Симонов

3:2 - 32:40 - Лигай (Степанов, Соколов) ГБ

4:2 - 39:29 - Симонов (Умеренков)

5:2 - 59:23 - Хусаинов ПВ

Қақпашылар: Пахоленко – Ряшин

Петропавлда В тобының командаларынан кезекті перфоманс өтті. «Арлан» мен «Құлагер» жекпе-жекте осы төрттіктегі екінші орын иегерін анықтады. 11 шайба салынған шайқаста көкшетаулықтар дәлірек көздеді. Бір қызығы, Георгий Монахов жеңіс голын финалдық ысқырыққа 19 секунд қалғанда салды. Нәтижесінде бұл нәтиже командалардың ешбіріне көмектесе алмады – «көкшеліктер» де, петропавлдықтар да Кубоктің алдын ала кезеңіндегі ойынын тоқтатты.

«Арлан» - «Құлагер» 6:5 (4:2, 0:1, 2:2)

0:1 - 04:48 - Седов (Литвинцов) ГБ

1:1 - 11:27 - Петрухин (Аипов, Залевский) ГБ

1:2 - 14:17 - Юдин (Серикбулатов, Толстенев) ГБ

2:2 - 14:38 - Каиргелды (Залевский)

3:2 - 16:19 - Кабдуали

4:2 - 18:25 - Кабдуали (Базько, Чепышкин) ГБ

4:3 - 28:08 - Юдин (Фрукалов, Серикбулатов)

5:3 - 51:15 - Байков (Базько, Монахов)

5:4 - 55:43 - Шипулин ГБ

5:5 - 57:07 - Горбань

6:5 - 59:41 - Монахов (Аипов, Петрухин) ГБ

Қақпашылар: Лаюров (Аминов, 51:15-60:00) - Синдеев (Елхимов, 18:25-60:00)

Тағы бір жартылай финалист – С тобының шешуші кездесуінде «Ақтөбені» жеңген «Торпедо». Матчта екінші кезең шешуші болды: алаң иелері қарсыласты үш рет састырып, өз қақпасына шайба жуытпады. Үш гол Диас Рысбековтің есебінде, командаластарына төрт рет Никита Дубинкин пас берді. «Ақтөбеден» үш нәтижелі пас Савелий Потаповтың есебінде.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 8:5 (2:2, 3:0, 3:3)

1:0 - 00:58 - Астраханцев (Дубинкин)

1:1 - 05:23 - Едрёнкин (Касымов) ГБ

1:2 - 08:49 - Церульников (Потапов, Двуреченский) ГБ

2:2 - 14:16 - Рысбеков

3:2 - 27:12 - Рысбеков (Дубинкин, Базанов) ГБ

4:2 - 28:43 - Чалкин (Глухих, Мерзликин)

5:2 - 33:34 - Хан (Глухих, Мерзликин)

6:2 - 43:07 - Рысбеков (Дубинкин, Есимов)

7:2 - 43:50 - Глухих (Фокин)

7:3 - 50:12 - Кошевник (Потапов, Поленов) ГМ

7:4 - 51:03 - Касымов (Поленов)

7:5 - 51:35 - Двуреченский (Потапов, Церульников)

8:5 - 58:36 - Чалкин (Дубинкин, Рысбеков) ПВ

Қақпашылар: Грохотов - Дубович (Толеубай, 43:50-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.