Барыс – Кубоктің алғашқы финалисі

12 qyrkúıek
420

Қазақстан жастар кубогінің алғашқы жартылай финалдық матчында «Кармет» пен «Барыс» кездесті.

Данияр Ахметовтің ойыншылары бастапқы кезеңді жақсы өткізіп, есепті кездесудің 23-ші секундында ашты – Никита Лигай көзге түсті. Осыдан кейін «Кармет» екі рет қатарынан артық құрам ұйымдастырды. Алайда «Барыс» төтеп беріп, ойын барысын біртіндеп бұрып жіберді. Рахимбек Мейрманның, Егор Шиминнің, Амир Гафуров пен Никита Гридасовтың дөп соққылары елордалық ұжымға жайлы үстемдік орнатуға мүмкіндік беріп, онысы финалдық ысқырыққа дейін сақталды. Матчтың аяқталуына бес секунд қалғанда ғана Никита Рублёв «сары-қаралар» татқан жеңілістің ащы дәмін сәл-пәл басты.

Осылайша, «Барыс» биылғы ҚР жастар кубогінің алғашқы финалисі атанды.

«Кармет» - «Барыс» 2:4 (1:2, 0:0, 1:2)

1:0 - 00:23 - Лигай (Соколов)

1:1 - 11:40 - Мейрман (Гафуров, Трегубов) ГБ

1:2 - 18:18 - Шимин (Амырканов, Лукавенко)

1:3 - 41:31 - Гафуров (Мейрман)

1:4 - 56:41 - Гридасов (Лукавенко, Надейкин) ГБ

2:4 - 59:55 - Рублёв (Соколов, Гордин) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов - Кучковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.