Торпедо көшбасшылығын сақтап қалды, Кармет те шығынсыз келеді

25 qyrkúıek
171

Қазақстан жастар чемпионатының кезекті матчтары Өскемен мен Теміртауда өтті.

Өскемендіктер «Ташкент Селектпен» матчта әр кезеңде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып, қатарынан үшінші жеңіске қол жеткізді. Руслан Чалкин мен Глеб Астраханцев өз есептеріне екі голдан жазды. Өзбекстандық ұжым құрамынан екі дөп соққыны өз қоржынына Бехруз Нажмиев салды.

«Торпедо» - «Ташкент Селект» 6:3 (2:0, 2:2, 2:1)

1:0 - 02:53 - Рысбеков (Астраханцев)

2:0 - 11:39 - Чалкин (Астраханцев, Рысбеков)

2:1 - 20:19 - Нажмиев ГБ

3:1 - 20:45 - Худяков (Фокин, Глухих)

4:1 - 34:38 - Чалкин (Дубинкин, Рысбеков)

4:2 - 35:40 - Нажмиев (Султанов, Дадаходжаев)

5:2 - 47:07 - Астраханцев (Рысбеков, Чалкин)

5:3 - 47:54 - Демьянов (Гайниахметов)

6:3 - 49:48 - Астраханцев (Рысбеков, Дубинкин)

Қақпашылар: Грохотов - Максимов

«Кармет» «Барыстың» арынын басты. Соңғы кезең басталғанша елордалық ұжымның есеп бойынша азғандай үстемдігі болды. Алайда матч соңында алаң иелері дәлірек көздеп, қысқа уақыт ішінде екі гол салып, чемпионат басталысымен қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті. Дубльдің авторы – екі рет артық құрам ұйымдастырған «сары-қаралардың» көшбасшысы Виталий Божко.

«Кармет» - «Барыс» 4:3 (1:0, 1:3, 2:0)

1:0 - 16:39 - Перцев (Степанов)

1:1 - 26:37 - Ищенко (Крутский, Кенжеғали)

2:1 - 31:29 - Божко (Кайбелев, Хусаинов) ГБ

2:2 - 34:26 - Гафуров (Дурглишвили, Ищенко)

2:3 - 38:58 - Надейкин ШБ

3:3 - 48:43 - Божко (Степанов, Перцев) ГБ

4:3 - 50:07 - Симонов (Гареев, Алтухов)

Қақпашылар: Пахоленко - Кучковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.