Жас Батыр Ақтөбеден екінші матчты жеңді, Ястребы Горнякпен ойында сүріне жаздады

27 qyrkúıek
162

Қазақстан жастар чемпионатында жұмаға екі кездесу жоспарланды.

«Ақтөбе» мен «Жас Батырдың» екінші текетіресі тағы да атыраулық ұжымның пайдасына шешілді. Қонақтар қорғаныста жақсы ойнап, өз сәттерін уыстан шығармады. Жеңіс шайбасының авторы – Амир Багитжанов.

«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 1:4 (1:1, 0:1, 0:2)

0:1 - 07:20 - Контуганов (Актаев, Мухамедияров)

1:1 - 18:20 - Церульников (Потапов, Черныш) ГБ

1:2 - 30:21 - Багитжанов (Иконников, Гусейнов)

1:3 - 53:40 - Куминов (Ильясов, Еркинов)

1:4 - 59:59 - Максимов (Контуганов) ПВ

Қақпашылар: Дубович - Еркинов

«Горнякпен» екінші матчтың соңғы минуты басталғанда «Ястребы» үш шайба үстемдікпен алда келе жатты. Голдардың авторлары – Никита Талерко, Денис Семенюков пен Никита Бородин. Алайда әрі қарай Лев Крицин небәрі 28 секунд ішінде есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартып, алаң иелерін әбден састырды. Десе де оралдықтар чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

«Ястребы» - «Горняк» 3:2 (0:0, 1:0, 2:2)

1:0 - 28:37 - Талерко (Рахимов) ГБ

2:0 - 46:25 - Семенюков (Рахимов)

3:0 - 55:59 - Бородин (Черников, Мануилов)

3:1 - 59:01 - Крицин

3:2 - 59:29 - Крицин (Стенников, Жумагалиев)

Қақпашылар: Шарипов - Шапошник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.