10 қарашадағы матчтарға шолу

9 qarasha
812

Сейсенбі күні Қазақстанның жастар чемпионаты аясында үш кездесу өтеді.

(13:00) "Мұнайшы" чемпионаттың дебьютанты – «Барыс-Жас» ұжымымен жекпе-жекте маусымдағы алғашқы ұпайларын жинауға тырысады.

(17:00) Жеңіс жолындағы жорығын «Торпедо» бастайды. Өскемендіктер өз алаңында қарағандылық «Қыранды» қабылдайды.

(17:00) Көкшетауда маусым басында әзірге бір де бір ұпай жинамаған «Арлан» мен «Горняк» ойнайды.

Матчтардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.