Жұма күні Қазақстан жастар чемпионатында екі матч өтті.
«Барыс» «Ястребы» командасын жеңіп, қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жектің ең нәтижелі ойыншысы – дубль жасап, нәтижелі пас берген Жахангер Тілеухан. Осы жетістігінен кейін Ринат Омарбековтің ойыншыларын чемпионат көшбасшысы «Торпедодан» екі ұпай бөліп тұр.
«Барыс» - «Ястребы» 5:2 (1:0, 2:0, 2:2)
1:0 - 03:49 - Тлеухан (Амырканов, Масен)
2:0 - 25:31 - Левковец ГБ
3:0 - 34:04 - Тлеухан (Амырканов) ГБ
3:1 - 41:12 - Бородин (Рахимов) ГБ
3:2 - 43:25 - Рахимов (Семенюков, Бородин)
4:2 - 44:44 - Гафуров (Левковец, Мейрман)
5:2 - 47:13 - Цой (Турсынов, Тлеухан) ГБ
Қақпашылар: Кучковский - Кудимов (Шарипов, 47:13-60:00)
«Астана» «Горнякты» құрғақ жеңді. Егер бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша рудныйлықтар әлі де оң нәтижеден үмітті болса, екінші және үшінші кезеңдер «елордалықтардың» басымдығымен өтті. Әлішер Аманғалиев хет-трик жасады, Никита Селезнёв (2+2) пен Айдар Сүлейменов (1+4) 4 балдан иемденді. Осы жеңісінен кейін «Астана» плей-офф аймағынан екі ұпайға артта қалып отыр.
«Астана» - «Горняк» 9:0 (1:0, 4:0, 4:0)
1:0 - 17:11 - Шегебаев (Шевченко, Селезнев) ГБ
2:0 - 25:48 - Селезнев (Сулейменов, Бекеев) ГБ
3:0 - 28:20 - Амангалиев (Селезнев)
4:0 - 35:42 - Сулейменов (Кентаев) ГБ
5:0 - 39:39 - Шевченко (Сулейменов) ГБ
6:0 - 44:13 - Амангалиев (Кентаев) ГМ
7:0 - 46:50 - Селезнев
8:0 - 56:51 - Амангалиев (Бекеев, Шегебаев)
9:0 - 57:28 - Самаров (Сулейменов, Мейрам)
Қақпашылар: Есен (Мельников, 28:55-60:00) - Шапошник
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.