Торпедоның қатарынан оныншы жеңісі, Кармет бесінші орынға шықты

13 qazan
521

Жексенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында екі матч өтті.

«Торпедо» маусымда алғаш болып 10 матчта жеңіске жетті. Өскемендіктер өз алаңында «Алматыны» жеңу үшін біраз тер төкті: екі рет артық құрам ұйымдастырып, көшбасшылығын нығайта түсті. Жеңіс шайбасы Кирилл Ханға тиесілі.

«Торпедо» - «Алматы» 4:2 (0:1, 2:1, 2:0)

0:1 - 13:42 - Долгополов (Тен)

1:1 - 21:32 - Надейкин (Хан, Беляков)

2:1 - 30:32 - Астраханцев (Дубинкин, Рысбеков) ГБ

2:2 - 35:48 - Долгополов (Суровцев)

3:2 - 52:29 - Хан (Мерзликин) ГБ

4:2 - 53:35 - Рысбеков (Дубинкин, Астраханцев)

Қақпашылар: Осенин - Павлов

«Кармет» матчты екпіндетіп бастап, Павлодарда екінші рет жеңіске жетті. Тимур Давлетшин дубль жасады, қақпашы Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Осы жетістігінен кейін Данияр Ахметовтің ойыншылары он балл жинап, чемпионат көшбасшыларының бестігіне енді.

«Мұнайшы» - «Кармет» 4:7 (3:4, 0:2, 1:1)

0:1 - 00:09 - Божко (Умеренков)

0:2 - 02:01 - Давлетшин (Калкабек, Алтухов)

1:2 - 04:40 - Прохоров (Бабешко) ГБ

1:3 - 11:00 - Нурканов

1:4 - 17:18 - Нурканов (Нурканов, Божко)

2:4 - 17:21 - Сарсембаев

3:4 - 19:52 - Попов (Нурлан)

3:5 - 21:25 - Рублёв (Степанов)

3:6 - 25:05 - Забурдяев (Рублёв, Соколов)

4:6 - 41:57 - Попов (Нурлан, Есеркепов) ГБ

4:7 - 48:52 - Давлетшин (Гордин)

Қақпашылар: Плотников (Челайдюк, 02:01-60:00) - Зюзин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.