Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясында үш матч өтті.
«Арлан» үшінші кезеңді сәтті өткізіп, «Құлагерді» екінші рет жеңді және Петропавлдан төрт балмен қайтты. Петропавлдықтар үшін бұл жеңіліс қатарынан алтыншысы болып отыр. Көкшетаулықтар құрамындағы үш шайбаның үшеуін де өз есебіне Георгий Монахов жазды. Қонақтардың қақпашысы Владислав Лаюровтың есебінде 37 сейв бар.
«Құлагер» - «Арлан» 1:3 (1:1, 0:0, 0:2)
1:0 - 06:20 - Деревянко (Анисимов, Горбань)
1:1 - 15:16 - Монахов (Аипов, Залевский)
1:2 - 50:12 - Монахов (Залевский, Коренник) ГБ
1:3 - 59:31 - Монахов (Аипов, Любченко) ПВ
Қақпашылар: Елхимов – Лаюров
«Мұнайшы» «Горнякты» құрғақ жеңіп, биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Рудныйлықтар қарсы қақпаға 24 соққы жасады, алайда Сергей Челайдюк қақпасына шайба жуытпады. Қонақтардың құрамынан Тамерлан Сарсембаев дубуль жасады.
«Горняк» - «Мұнайшы» 0:5 (0:0, 0:3, 0:2)
0:1 - 23:19 - Сарсембаев (Анциферов)
0:2 - 25:38 - Бекбаев (Абенов) ГБ
0:3 - 35:37 - Сарсембаев (Анциферов)
0:4 - 43:22 - Головащенко (Лариков, Каршыгаев) ГБ
0:5 - 53:39 - Абенов ГМ
Қақпашылар: Кушкенов – Челайдюк
«Ташкент Селект» «Ақтөбемен» үйдегі алғашқы матчта үшінші кезеңді екпіндетіп өткізді және Қазақстан жастар чемпионаты тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл ретте жеңіс шайбасы финалдық ысқырыққа 39 секунд қалғанда салынды. Оның авторы – жалпы 4 (2+2) балл алғаш Богдан Гайниахметов.
«Ташкент Селект» - «Ақтөбе» 5:4 (0:1, 1:2, 4:1)
0:1 - 19:33 - Касымов (Катасонов)
0:2 - 21:27 - Мозжерин (Артамонов, Цихоцкий)
1:2 - 24:04 – Гайниахметов Б. (Нажмиев)
1:3 - 26:10 - Потапов (Кошевник, Жумажан)
2:3 - 43:57 - Нажмиев (Гайниахметов Э., Гайниахметов Б.) ГБ
3:3 - 56:08 - Горбанев (Гайниахметов Б.) ГБ
4:3 - 58:49 - Ковальчук (Хайруллин)
5:3 - 59:21 – Гайниахметов Б. (Нажмиев)
5:4 - 59:58 - Кошевник (Катасонов)
Қақпашылар: Егупов - Толеубай
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.