Құлагер Торпедоның жеңіс сериясын үзді, Жас Батыр овертаймда Астананы жеңді

25 qazan
167

Жұма күні хоккейден Қазақстан жастар чемпионатында төрт матч өтті.

Ойын күнінің басты оқиғасы Петропавлда өтті. Есепті кешке дейін бір де бір рет жеңіске жетпеген «Құлагер» өз алаңында «Торпедоны» жеңіп, қонақтардың 13 матчқа созылған жеңіс сериясын үзді. Өскемендіктер үшін бұл – биылғы маусымдағы алғашқы жеңіліс. Солтүстікқазақстандықтарға екі балды Кирилл Юдин мен Юрий Комиссаровтың дөп соққылары, сонымен қатар қақпашы Богдан Гигановтың орындауындағы 40 сейв сыйлады.

«Құлагер» - «Торпедо» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 - 12:18 - Юдин (Фрукалов)

2:0 - 30:36 - Комиссаров (Толстенев, Телегин)

2:1 - 45:26 - Ефремов (Ануфриев)

Қақпашылар: Гиганов – Осенин

«Барыс» Өскеменде ұпай жинай алмады. «Ястребы» екінші кездесуде үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, чемпионаттағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Алаң иелерінен Никита Бородин дубль жасады.

«Ястребы» - «Барыс» 4:1 (1:1, 0:0, 3:0)

0:1 - 09:06 - Цой (Макаров, Гридасов)

1:1 - 10:03 - Бородин (Рахимов, Пидяшов)

2:1 - 46:04 - Талерко (Шакубаев)

3:1 - 46:59 - Крицин (Пидяшов, Бородин)

4:1 - 59:23 - Бородин (Рахимов)

Қақпашылар: Шарипов – Кулаков

«Жас Батыр» мен «Астана» жеңімпазды негізгі уақыттан тыс аяқтады. Бұл ретте ойын барысында атыраулықтар үш есеп бойынша алда келе жатты, алайда үш ретте де «елордалықтар» есе қайтарды. Десе де, овертаймда алаң иелері өз дегеніне жетті – командаларды алаңнан Никита Игнатовтың жасаған дублі қайтарды.

«Жас Батыр» - «Астана» 4:3 ОТ (1:0, 1:1, 1:2, 1:0)

1:0 - 18:11 - Контуганов (Актаев) ГБ

1:1 - 35:17 - Селезнев (Бекеев)

2:1 - 35:58 - Киселёв (Гусейнов, Игнатов)

2:2 - 42:43 - Кентаев (Шукелов, Сулейменов)

3:2 - 57:58 - Игнатов (Ауезбай, Садыков)

3:3 - 58:59 - Шевченко (Селезнев, Шукелов) ГБ

4:3 - 60:51 - Игнатов (Садыков, Киселёв)

Қақпашылар: Еркинов - Мельников

«Кармет» «Ташкент Селектті» еш қиындықсыз жеңді. Кездесудің ең нәтижелә ойыншысы «сары-қаралардың» үш нәтижелі шабуылына қатысқан Артур Хусаинов (2+1) болды.

«Кармет» - «Ташкент Селект» 6:1 (0:0, 3:1, 3:0)

1:0 - 28:16 - Хусаинов (Нурканов, Омельницкий)

2:0 - 29:20 - Хусаинов (Божко, Ольденбургер)

2:1 - 30:48 - Мухамедбаев (Камалов)

3:1 - 39:01 - Симонов (Умеренков)

4:1 - 41:06 - Перцев (Хусаинов, Божко)

5:1 - 59:00 - Кайбелев (Рублёв) ГБ

6:1 - 59:20 - Соколов (Рублёв, Лигай)

Қақпашылар: Пахоленко - Егупов (Иргашев, 47:03-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.