Торпедо Арланның жеңіс сериясын үзді, Барыс қатарынан үшінші матчта жеңілді

28 qazan
346

Қазақстан жастар чемпионатындағы апта екі матчпен ашылады.

Ойын күнінің бірінші жекпе-жегінде «торпедолықтар» түзде «Арланды» жеңді, қарсыластың алты матчқа созылған жеңіс сериясын үзді. Жеңіс шайбасының авторы – Никита Дубинкин. Никита Эрштейн қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Бүгін өскемендіктер лигада алғаш болып биылғы чемпионаттағы 100 шайбалық межеге жетті. Межелі голдың авторы – Руслан Чалкин.

«Арлан» - «Торпедо» 2:5 (0:1, 2:1, 0:3)

0:1 - 15:10 - Мирошниченко (Асанов, Худяков)

1:1 - 30:04 - Залевский (Аипов, Гизатулин)

1:2 - 35:54 - Чалкин (Дубинкин)

2:2 - 39:47 - Кабдуали (Байков)

2:3 - 52:12 - Дубинкин (Фокин, Астраханцев) ГБ

2:4 - 55:36 - Астраханцев (Шимин, Фокин) ГБ

2:5 - 59:05 - Худяков (Асанов)

Қақпашылар: Лаюров - Эрштейн

«Барыстың» Батыс Қазақстанға сәтсіздеу сапарын жалғастыруда. Бүгін қазіргі чемпион Ақтөбеде жол берді. Алаң иелері үшін жеңіс соққысының авторы – Никита Артамонов. Максим Мозжерин командаластарына төрт рет пас берді. «Ақтөбенің» қақпашысы Максим Дубович қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Барыс» 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

1:0 - 11:00 - Цихоцкий (Мозжерин)

1:1 - 23:10 - Кенжегали (Мейрман, Амырканов) ГБ

2:1 - 38:17 - Артамонов (Мозжерин)

3:1 - 42:59 - Поленов (Зубарев, Мозжерин)

4:1 - 51:33 - Касымов (Цихоцкий, Мозжерин) ГБ

Қақпашылар: Дубович - Кучковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.