Ташкент Селект маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, Торпедо Көкшетаудан төрт балмен қайтты

29 qazan
351

Қазақстан жастар чемпионаты төрт матчпен жалғасады.

«Горняк» пен «Ташкент Селект» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Бүгін өзбекстандық ұжым дәлірек көздеп, биылғы чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Шешуші соққының авторы – Альберт Дадаходжаев, қонақтардың қақпашысы Максим Егупов қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді.

«Горняк» - «Ташкент Селект» 2:3 Б (1:0, 0:1, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 07:02 - Жумагалиев (Долганов, Корниенко)

1:1 - 35:23 - Абдувосиков (Ковальчук, Горбанев) ГБ

1:2 - 47:38 – Гайниахметов Э.

2:2 - 57:53 - Крицин

2:3 - 65:00 – Дадаходжаев ПБ

Қақпашылар: Шапошник – Егупов

«Астана» «Құлагердің» арынын басты. «Елордалықтарға» екі рет артық құрам ұйымдастырған Игнат Шевченконың дублі, сонымен қатар Әлішер Аманғалиев пен Никита Пашковскийдің дөп соққылары жеңіс әкелді.

«Астана» - «Құлагер» 4:2 (1:1, 1:0, 2:1)

1:0 - 06:39 - Амангалиев (Шегебаев, Селезнев) ГБ

1:1 - 19:40 - Горбань (Фрукалов, Юдин)

2:1 - 30:31 - Шевченко (Бекеев, Селезнев) ГБ

3:1 - 40:56 - Шевченко (Амангалиев, Бекеев) ГБ

3:2 - 44:27 - Седов (Заруцкий)

4:2 - 56:51 - Пашковский (Кентаев, Шевченко)

Қақпашылар: Куат - Гиганов

«Торпедо» тартысты жекпе-жекте «Арланды» жеңді. Шешуші шайба финалдық ысқырыққа 27 секунд қалғанда салынып, оның авторы Кирилл Индюков болды. Өскемендіктер биылғы чемпионаттағы 30 балдық межеге Лигада алғаш болып жетті және ол үшін оларға 16 матч жеткілікті болды.

«Арлан» - «Торпедо» 2:3 (0:1, 2:1, 0:1)

0:1 - 01:13 - Трегубов

1:1 - 22:12 - Монахов (Кабдуали)

2:1 - 28:05 - Петрухин (Аипов, Базько)

2:2 - 35:36 - Шимин (Дубинкин, Фокин) ГБ

2:3 - 59:33 - Индюков (Надейкин, Мирошниченко)

Қақпашылар: Лаюров - Эрштейн

«Ақтөбе» «Барыспен» екінші матчта жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. Кездесу барысында алаң иелері екі рет үш шайбамен алда келе жатты, алайда елордалық ұжым үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, негізгі уақыттағы жеңілістен құтылды. Десе де бүгін екі балды ақтөбеліктер иемденді. Даниил Цихоцкий покер жасады.

«Ақтөбе» - «Барыс» 6:5 Б (3:1, 2:1, 0:3, 0:0, 1:0)

1:0 - 00:58 - Цихоцкий (Зубарев)

2:0 - 05:06 - Цихоцкий (Мозжерин, Касымов) ГБ

2:1 - 14:48 - Мейрман (Қалелхан, Гафуров) ГБ

3:1 - 16:39 - Касымов (Едрёнкин)

4:1 - 21:57 - Кошевник (Шпак, Потапов) ГБ

4:2 - 24:16 - Мейрман (Макаров, Левковец) ГБ

5:2 - 27:40 - Цихоцкий (Мозжерин, Двуреченский) ГБ

5:3 - 47:58 - Гафуров (Мейрман, Макаров) ГБ

5:4 - 51:41 - Алдонгар (Саттар)

5:5 - 52:53 - Гафуров (Левковец)

6:5 - 65:00 – Цихоцкий ПБ

Қақпашылар: Дубович - Кулаков (Кучковский, 21:57-51:41, 52:53-65:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.