Сәрсенбіге хоккейден Қазақстан жастар чемпионатында екі матч жоспарланды.
«Горняк» пен «Ташкент Селект» Рудныйда айтарлықтай нәтижелі екінші матч өткізді. Бүгін өзбекстандық ұжым дәлірек көздеді. Руслан Сұлтанов дубль жасады, алаң иелерінен екі дөп соққы Давид Стенниковтың есебінде.
«Горняк» - «Ташкент Селект» 5:7 (1:2, 1:2, 3:3)
1:0 - 03:07 - Пархоменко (Рязанов) ГБ
1:1 - 08:43 - Ковальчук (Дадаходжаев)
1:2 - 14:25 - Равшанов
2:2 - 27:34 - Стенников (Пархоменко, Крицин)
2:3 - 32:19 – Гайниахметов Б.
2:4 - 38:24 - Нажмиев (Горбанев, Ковальчук)
3:4 - 41:06 - Здоровенко
3:5 - 43:06 - Султанов (Нажмиев, Султанов) ГБ
3:6 - 46:47 - Султанов (Гайниахметов Э.) ГМ
4:6 - 49:52 - Стенников (Крицин, Пархоменко)
4:7 - 51:43 - Абдувосиков (Дадаходжаев, Горбанев) ГБ
5:7 - 59:58 - Кожуховский (Пархоменко, Крицин) ГБ
Қақпашылар: Байдек - Иргашев
«Астана» «Құлагерге» қарсы үйдегі ойында құрғақ жеңіске жетті. Петропавлдықтар қарсы қақпаға 15 соққы жасады, алайда олардың бір де бірі жетер жеріне жетпеді. Дәулет Қуат құрғақ матч рәсімдеді. Қарсыласты екі рет Әлішер Аманғалиев састырды, Жанболат Бекеев үш рет пас берді.
«Астана» - «Құлагер» 5:0 (2:0, 3:0, 0:0)
1:0 - 09:49 - Амангалиев (Шегебаев, Селезнев) ГБ
2:0 - 17:19 - Амангалиев (Бекеев) ГБ
3:0 - 22:52 - Шевченко (Бекеев, Амангалиев) ГБ
4:0 - 25:20 - Шегебаев (Бекеев) ГМ
5:0 - 32:03 - Селезнев (Шукелов)
Қақпашылар: Куат - Гиганов (Елхимов, 25:20-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.