Жас Батыр оңтүстік астанада жеңіске жетті, Ястребы Карметті жеңді

31 qazan
492

Бейсенбіге Қазақстан жастар чемпионатында екі жекпе-жек жоспарланды.

«Алматы» «Жас Батырмен» матчта қарсыласты екі рет састырып, бірінші бөлігін жақсы өткізді. Алайда атыраулықтар есе қайтарып қана қоймай, Глеб Селезновтің, Арсен Мухамедияров пен Дмитрий Киселёвтің кем құраммен салған дөп соққыларының арқасында негізгі уақытта жеңісті жұлып әкетті. Қонақтардың қақпашысы Дулат Еркінов қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Жас Батыр» 2:3 (1:0, 1:1, 0:2)

1:0 - 01:53 - Кушнеренко (Токтасынов)

2:0 - 28:55 - Ивановский (Паршин, Югай) ГБ

2:1 - 31:14 - Селезнев (Бабичев, Максимов)

2:2 - 50:40 - Мухамедияров (Иконников)

2:3 - 52:40 - Киселёв (Игнатов) ГМ

Қақпашылар: Яковенко - Еркинов

«Ястребы» металлургтер қаласындағы бірінші матчты екпіндетіп бастап, «Карметтен» басым түсті. Дубль Никита Бородиннің есебінде. Оралдықтар чемпионаттағы жетінші жеңісіне қол жеткізіпп, турнир кестесінде алтыншы орынға шықты.

«Кармет» - «Ястребы» 3:7 (1:3, 2:3, 0:1)

0:1 - 00:54 - Шакубаев (Маликов)

0:2 - 08:58 - Абденов (Утепкалиев, Михеев)

0:3 - 12:54 - Болат (Семенюков)

1:3 - 15:43 - Коротких (Рублёв)

1:4 - 20:31 - Бородин (Рахимов, Семенюков)

2:4 - 27:05 - Рублёв (Соколов, Лигай)

2:5 - 28:29 - Черников (Шакубаев, Абденов)

3:5 - 28:58 - Гордин (Нурканов, Давлетшин)

3:6 - 36:50 - Маликов (Лебедев)

3:7 - 40:52 - Бородин (Крицин) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов (Зюзин, 20:00-60:00) - Кудимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.