Жас Батыр оңтүстік астанадан төрт балмен қайтты, Ястребы Теміртауда екі рет жеңіске жетті

1 qarasha
269

Қазақстан жастар чемпионатындағы қараша бағдарламасын Алматы мен Теміртаудағы матчтар ашады.

«Жас Батыр» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, Алматыда екінші жеңісіне қол жеткізді. Шешуші соққының авторы – Радмир Ильясов. Алаң иелері құрамынан төрт балдан Алдияр Нұрлан (2+2) мен Дамир Айдуков (1+3) жинады. Осы жетістігінен кейін атыраулық ұжым турнир кестесінде үшінші орынға бекіді.

«Алматы» - «Жас Батыр» 4:5 (0:2, 3:0, 1:3)

0:1 - 03:04 - Ерасов (Чокпаров)

0:2 - 05:53 - Максимов (Иконников, Мухамедияров) ГМ

1:2 - 28:40 - Нурлан (Айдуков)

2:2 - 31:09 - Нурлан (Айдуков, Югай)

3:2 - 37:41 - Филоненко (Айдуков, Нурлан)

3:3 - 45:39 - Мухамедияров (Иконников, Ильясов)

3:4 - 46:31 - Еркинов (Селезнев, Актаев)

3:5 - 48:58 - Ильясов (Актаев, Чокпаров) ГБ

4:5 - 57:43 - Айдуков (Нурлан, Неумывакин)

Қақпашылар: Яковенко - Еркинов

«Кармет» пен «Ястребы» командаларының екінші текетіресі металлургтер қаласында аса нәтижелі болмады, алайда оралдық ұжымның пайдасына шешілді. Қонақтарға Денис Семенюковтың, Артём Лебедев пен Дмитрий Пидяшовтың дөп соққылары нәтиже әкелді. «Ястребы» қақпашысы Абай Шарипов қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берді.

«Кармет» - «Ястребы» 1:3 (1:0, 0:2, 0:1)

1:0 - 17:51 - Рублёв (Степанов, Коротких)

1:1 - 20:15 - Семенюков (Рахимов)

1:2 - 33:30 - Лебедев (Шарапов, Крицин) ГБ

1:3 - 52:15 - Пидяшов (Семенюков, Родионов)

Қақпашылар: Зюзин - Шарипов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.