Мұнайшы Арланнан ойсырай жеңілді, Ақтөбе мен Құлагер буллитке жетті

6 qarasha
273

Сәрсенбіге Қазақстан жастар чемпионатында төрт матч жоспарланды.

«Арлан» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Мұнайшыны» жеңді. Қарсыласты екі реттен Алдияр Кабдуали мен Владимир Чепышкин састырды. Көкшетаулықтар осы жетістігінен кейін маусымдағы он жеңіс межесіне жақындады. Павлодарлықтар қатарынан төртінші жеңіліске ұшырады.

«Мұнайшы» - «Арлан» 1:7 (0:2, 1:1, 0:4)

0:1 - 05:51 - Чепышкин (Кабдуали, Байков) ГБ

0:2 - 18:20 - Кабдуали (Любченко) ГБ

0:3 - 37:22 - Гизатулин (Кабдуали, Каиргелди)

1:3 - 38:01 - Бекбаев (Абенов, Смелов)

1:4 - 46:50 - Чепышкин (Базько) ГМ

1:5 - 50:48 - Кабдуали (Любченко) ГБ

1:6 - 53:30 - Монахов (Аипов)

1:7 - 56:41 - Толуспаев (Байков, Чепышкин)

Қақпашылар: Пушков (Челайдюк, 53:30-60:00) - Лаюров (Аминов, 53:30-60:00)

«Ақтөбе» мен «Құлагерге» жеңімпазды анықтау үшін 65 минуттық ойын уақыты жеткіліксіз болды. Сондықтан бүгін барлығын буллиттер сериясы шешіп, алаң иелері дәлірек көздеді. Шешуші соққының авторы – Даниил Цихоцкий. Қонақтар құрамынан Сергей Горбань дубль жасады.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 4:3 Б (0:1, 1:1, 2:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 16:42 - Заруцкий (Толстенев)

1:1 - 29:07 - Герасимов (Катасонов, Сычугов)

1:2 - 32:28 - Горбань (Заруцкий, Артемьев)

2:2 - 42:57 - Мозжерин (Цихоцкий)

2:3 - 48:28 - Горбань (Юдин, Фролов)

3:3 - 56:25 - Зубарев (Мозжерин)

4:3 - 65:00 – Цихоцкий ПБ

Қақпашылар: Дубович - Гиганов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.