Қазақстан жастар чемпионатының ойын аптасы төрт матчпен аяқталды.
«Ақтөбе» Петропавлда маңызды жеңіске жетті. Денис Сычугов дубль жасады, қонақтардың қақпашысы Максим Дубович қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді. Бұл жетістік ақтөбеліктерге лиганың турнир кестесінде екінші орында бекуге мүмкіндік берді.
«Құлагер» - «Ақтөбе» 1:4 (0:0, 1:2, 0:2)
0:1 - 20:48 - Цихоцкий (Поленов, Дубович)
0:2 - 31:28 - Сычугов (Цихоцкий, Мозжерин) ГБ
1:2 - 38:20 - Шипулин (Горбань)
1:3 - 44:54 - Сычугов (Катасонов, Илияс)
1:4 - 54:44 - Катасонов (Церульников, Сычугов)
Қақпашылар: Гиганов - Дубович
«Горнякпен» үйдегі екінші матчта басым түскен «Мұнайшы» чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Павлодарлықтар екі рет артық құрам ұйымдастырып, қорғаныста мығым ойнады. Шешуші голдың авторы – Юрий Калина. Алаң иелерінің қақпашысы Сергей Челайдюктің есебінде 34 сейв бар.
«Мұнайшы» - «Горняк» 4:2 (1:1, 1:1, 2:0)
0:1 - 00:56 - Долганов
1:1 - 06:34 - Афлитонов ГБ
1:2 - 20:32 - Крицин (Пархоменко)
2:2 - 28:17 - Каршыгаев (Афлитонов)
3:2 - 43:44 - Калина (Попов) ГБ
4:2 - 47:41 - Бекбаев (Анциферов)
Қақпашылар: Челайдюк - Шапошник
«Астана» мен «Кармет» екінші матчта жеңімпазды негізгі уақыттан тыс аяқтады. Овертаймда сәттілік алаң иелеріне серік болып, плей-офф аймағына үш балдық арақашықтыққа жақындады. Шешуші шайбаның авторы – Айболсын Мейрам, Матвей Завьялов дубль жасады. Қонақтардың құрамынан төрт ұпай Артур Хусаиновтың есебінде.
«Астана» - «Кармет» 6:5 ОТ (3:1, 1:0, 1:4, 1:0)
0:1 - 02:27 - Хусаинов (Перцев, Омельницкий)
1:1 - 05:13 - Завьялов (Селезнев)
2:1 - 13:05 - Завьялов (Бекеев) ГБ
3:1 - 19:30 - Шевченко (Селезнев, Бекеев) ГБ
4:1 - 36:08 - Пашковский (Амангалиев)
4:2 - 43:51 - Гареев (Хусаинов, Лигай)
4:3 - 46:46 - Хусаинов (Перцев)
4:4 - 47:47 - Рублёв (Соколов, Нурканов)
5:4 - 56:38 - Бекеев (Шевченко) ГМ
5:5 - 59:47 - Перцев (Степанов, Хусаинов) ГБ
6:5 - 61:55 - Мейрам (Селезнев, Сатемиров)
Қақпашылар: Куат - Селивёрстов
«Жас Батыр» соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жетті. Бүгін атыраулықтар «Алматының» арынын басты. Оңтүстік астаналық қарсыласты екі рет Никита Игнатов састырды, жеңіс шайбасы да оның есебінде. Қонақтардан Данил Долгополов дубль жасады.
«Жас Батыр» - «Алматы» 4:2 (1:1, 2:0, 1:1)
0:1 - 04:54 - Долгополов (Филимонов, Кушнеренко)
1:1 - 14:29 - Игнатов (Садыков, Киселёв)
2:1 - 28:17 - Актаев (Контуганов) ГМ
3:1 - 32:32 - Игнатов
3:2 - 51:56 - Долгополов (Айдуков, Выговский)
4:2 - 56:08 - Киселёв (Максимов, Гусейнов)
Қақпашылар: Еркинов - Павлов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.