Jastar Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойынын жалғастыруда.
Чемпионат көшбасшысы «Горнякпен» екінші текетіресте де сенімді түрде жеңіске жетті. Рудныйлықтардың қақпасына жауапсыз он шайба аттанды. Александр Тюменцев хет-трик жасады, екі гол Артур Глухихтің есебінде.
«Торпедо» - «Горняк» 10:0 (2:0, 4:0, 4:0)
1:0 - 06:34 - Астраханцев (Ромашкин, Чалкин)
2:0 - 13:53 - Глухих (Трегубов, Хан)
3:0 - 27:15 - Манажанов (Трегубов)
4:0 - 30:57 - Тюменцев (Глухих, Хан)
5:0 - 31:14 - Асанов (Трегубов)
6:0 - 34:28 - Глухих (Фокин, Тюменцев)
7:0 - 46:43 - Тюменцев (Хан, Глухих)
8:0 - 47:53 - Мирошниченко (Тааев)
9:0 - 50:07 - Рысбеков (Пупков, Шимин)
10:0 - 51:20 - Тюменцев (Глухих, Беляков)
Қақпашылар: Грохотов (Колесник, 46:43-60:00) - Кушкенов
«Ақтөбе» «Арланмен» матчтың соңын екпіндетіп өткізіп, өзінің жеңіс сериясын тоғыз ойынға дейін ұзартты. Артём Кошевник пен Максим Мозжерин өз есебіне екі голдан жазды. Қонақтардың қақпашысы Максим Дубович қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді.
«Арлан» - «Ақтөбе» 2:5 (0:1, 0:1, 2:3)
0:1 - 07:51 - Кошевник (Цихоцкий, Поленов)
0:2 - 36:03 - Кошевник (Поленов, Церульников)
1:2 - 45:08 - Монахов
2:2 - 48:01 - Аипов (Монахов, Базько) ГБ
2:3 - 52:46 - Мозжерин
2:4 - 55:20 - Касымов
2:5 - 58:37 - Мозжерин (Поленов, Цихоцкий) ПВ
Қақпашылар: Лаюров – Дубович
«Ястребы» «Алматының» арынын басты. Ойында соңғы кезең шешуші болып, алаң иелері екі нәтижелі шабуыл жасады. Жеңіс шайбасының авторы – Никита Бородин. Оралдықтар үшін бұл қатарынан төртінші жеңіс.
«Ястребы» - «Алматы» 4:2 (1:0, 1:2, 2:0)
1:0 - 08:58 - Крицин
1:1 - 22:57 - Киргизбаев (Токтасынов) ГБ
2:1 - 26:45 - Рахимов (Болат) ГБ
2:2 - 31:37 - Долгополов (Айдуков)
3:2 - 43:12 - Бородин
4:2 - 53:28 - Семенюков
Қақпашылар: Шарипов - Павлов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.