Сәрсенбіге Қазақстан жастар чемпионатында Рудный мен Алматыдағы ойындар жоспарланды.
«Горняк» «Ақтөбеге» тағы да төтеп бере алмады. Қонақтар қарсыласты 12 рет састырып, өз қақпаларына шайба жуытпады. Өз командасының төрт нәтижелі шабуылына Артём Леоненко (2+2) қатысты, ал Матфей Катасоновтың есебінде гол мен екі пас бар. Рудныйға сапарынан кейін «Ақтөбе» кестеде чемпионат көшбасшысы «Торпедоға» екі-ақ балға есе жіберіп, екінші орынға тұрақтады.
«Горняк» - «Ақтөбе» 0:12 (0:3, 0:2, 0:7)
0:1 - 04:38 - Цихоцкий (Кошевник, Поленов)
0:2 - 18:46 - Шпак (Потапов, Церульников) ГБ
0:3 - 19:04 - Касымов (Поленов, Цихоцкий)
0:4 - 31:46 - Леоненко (Катасонов)
0:5 - 34:50 - Мозжерин
0:6 - 42:21 - Цихоцкий (Леоненко)
0:7 - 43:07 - Леоненко (Цихоцкий, Чекалин)
0:8 - 44:04 - Илияс (Потапов, Жумажан)
0:9 - 49:10 - Церульников (Кошевник, Потапов)
0:10 - 50:12 - Жумажан (Касымов, Мозжерин)
0:11 - 52:19 - Чекалин
0:12 - 56:37 - Катасонов (Леоненко, Артамонов)
Қақпашылар: Шапошник (Кушкенов, 44:42- 0:00) - Дубович
Екі астананың алғашқы текетіресінде «Алматы» басым түсті. Жеңіс шайбасының авторы – артық құрам ұйымдастырған Алдияр Нұрлан. Алаң иелерінің құрамынан Максим Кушнеренко дубль жасады.
«Алматы» - «Астана» 6:4 (1:1, 2:1, 3:2)
0:1 - 02:40 - Шевченко (Селезнев, Завьялов) ГБ
1:1 - 05:54 - Долгополов (Югай, Киргизбаев)
1:2 - 38:12 - Амангалиев
2:2 - 39:09 - Фатыхов (Айдуков, Матросов)
3:2 - 39:49 - Кушнеренко (Киргизбаев, Долгополов)
4:2 - 40:47 - Кушнеренко (Айдуков, Киргизбаев)
4:3 - 47:34 - Шегебаев (Шукелов, Сатемиров)
4:4 - 49:34 - Селезнев ГМ
5:4 - 50:35 - Нурлан (Неумывакин, Долгополов) ГБ
6:4 - 56:49 - Айдуков (Киргизбаев) ГМ
Қақпашылар: Павлов - Куат
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.