Құлагер Мұнайшыны құрғақ жеңді, Барыс пен Жас Батыр қарымта қайтарды

22 qarasha
275

Жұмаға Қазақстан жастар чемпионатында төрт кездесу жоспарланды.

«Құлагер» «Мұнайшыны» еш қиындықсыз жеңді. Павлодарлықтардың қақпасына жауапсыз алты шайба аттанды. Александр Шипулин мен Мирослав Артемьев қарсыласты екі реттен састырды. Бүгін қақпаға бағытталған 16 соққыға тойтарыс берген Станислав Валентюкевич мұздан иелігіне шайба жуытпастан кетті.

«Құлагер» - «Мұнайшы» 6:0 (3:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 10:48 - Юдин (Шипулин, Серикбулатов)

2:0 - 17:31 - Шипулин (Куминов, Серикбулатов)

3:0 - 19:59 - Артемьев (Серикбулатов, Шипулин) ГБ

4:0 - 24:05 - Артемьев (Кузьмин, Куминов)

5:0 - 32:56 - Шипулин (Юдин, Серикбулатов) ГБ

6:0 - 47:03 - Телегин (Шипулин) ГМ

Қақпашылар: Валентюкевич - Челайдюк

«Арлан» Ташкенттен төрт балмен қайтты. Екінші матчта көкшетаулықтардың жеңіске жетуі үшін бес гол жеткілікті болды. Екі шайба Арсен Қайыргелдінің есебінде. Қонақтардың қақпашысы Савелий Аминовтың есебінде 20 сейв бар.

«Ташкент Селект» - «Арлан» 1:5 (0:2, 0:2, 1:1)

0:1 - 11:46 - Монахов (Аскатулы)

0:2 - 14:04 - Каиргелди (Любченко, Кабдуали)

0:3 - 27:37 - Аипов (Базько, Монахов) ГБ

0:4 - 35:40 - Кабдуали (Любченко)

1:4 - 44:51 - Мирзабаев (Хайруллин, Абдувосиков) ГБ

1:5 - 50:04 - Каиргелди (Петрухин, Щукин) ГБ

Қақпашылар: Егупов - Аминов

«Барыс» өз алаңында чемпионат көшбасшысы «Торпедодан» қарымта қайтарды. Бұл ойынның тағдырын екінші кезең шешті: алаң иелері өскемендіктерді екі рет састырды. Жеңіс шайбасының авторы – Даниал Шақшақбаев.

«Барыс» - «Торпедо» 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)

1:0 - 29:22 - Симахин (Шакшакбаев, Китаров) ГБ

2:0 - 39:31 - Шакшакбаев (Китаров, Медведев) ГБ

3:0 - 44:52 - Амырканов (Крутский, Китаров)

3:1 - 46:25 - Беляков (Рысбеков, Астраханцев)

Қақпашылар: Кулаков – Грохотов

«Ястребы» Атыраудағы табысты серияны жалғастыра алмады. Нәтижелі тартыста «Жас Батыр» қарымта қайтарды. Бұл алаң иелеріне үздіктер үштігі үшін жорықта қалуға мүмкіндік берді. «Жас Батыр» құрамынан Алайдар Актаев дубль жасады, Даниил Свинтальский командаластарына үш рет пас берді. Оралдықтар құрамынан төрт балдан Никита Бородин (2+2) мен Дмитрий Пидяшов (1+3) жинады.

«Жас Батыр» - «Ястребы» 6:4 (3:2, 2:0, 1:2)

1:0 - 04:48 - Актаев (Свинтальский, Ауезбай)

2:0 - 06:35 - Еркинов

2:1 - 10:02 - Бородин (Пидяшов) ГМ

2:2 - 11:45 - Бородин (Пидяшов, Крицин) ГМ

3:2 - 12:25 - Контуганов (Свинтальский, Ауезбай)

4:2 - 28:20 - Актаев (Контуганов, Свинтальский)

5:2 - 38:05 - Киселёв (Гусейнов, Игнатов) ГБ

5:3 - 44:51 - Пидяшов (Бородин)

5:4 - 49:49 - Крицин (Пидяшов, Бородин)

6:4 - 53:39 - Игнатов (Киселёв, Гусейнов)

Қақпашылар: Еркинов - Кудимов (Шарипов, 38:05 - 60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.