Кармет Горнякты жеңіп, 100 шайбалық межеге жетті, Ақтөбе овертаймда Астананы жеңді

4 jeltoqsan
216

Сәрсенбіге Қазақстан жастар чемпионатында екі матч жоспарланды.

«Горняк» пен «Карметтің» Рудныйдағы алғашқы текетіресі қонақтардың пайдасына шешілді. «Карметтің» биылғы маусымдағы мерейтойлық жүзінші шайбасының авторы – Артур Хусаинов. Мади Нұрқанов дубль жасады. Осы жетістігінен кейін Данияр Ахметовтың ойыншылары лиганың турнир кестесінде алтыншы орынға шықты.

«Горняк» - «Кармет» 2:5 (0:1, 2:2, 0:2)

0:1 - 01:48 - Рублёв (Соколов)

0:2 - 29:29 - Нурканов

1:2 - 31:07 - Тютяев (Бопп, Литвинцев)

2:2 - 32:07 - Долганов (Лопухов, Жумагалиев)

2:3 - 34:00 - Соколов (Рублёв, Зюзин)

2:4 - 43:09 - Нурканов (Коротких, Омельницкий)

2:5 - 56:30 - Хусаинов (Умеренков, Перцев)

Қақпашылар: Байдек - Зюзин

«Астана» «Ақтөбемен» түздегі кездесудің барысында екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен екі рет есе қайтарды. Алайда овертаймда алаң иелері дегеніне жетті. Жеңіс шайбасының авторы – Марк Поленов.

«Ақтөбе» - «Астана» 5:4 ОТ (1:1, 3:2, 0:1, 1:0)

0:1 - 05:38 - Амангалиев (Сатемиров, Шегебаев)

1:1 - 16:10 - Церульников (Двуреченский) ГБ

2:1 - 22:40 - Кошевник (Шпак) ГБ

3:1 - 27:14 - Катасонов (Артамонов)

3:2 - 31:44 - Шевченко (Шегебаев) ГБ

4:2 - 36:04 - Мозжерин (Поленов, Двуреченский) ГБ

4:3 - 36:29 - Шукелов (Бекеев, Шевченко) ГБ

4:4 - 44:59 - Графкин (Абдрахманов, Мышляев)

5:4 - 61:57 - Поленов (Кошевник, Цихоцкий)

Қақпашылар: Дубович - Куат


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.