Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатында бейсенбі қызу өтті.
«Барыс» бірінші кезеңді екпіндетіп бастап, «Арланның» арынын басты. Алаң иелерінен Илья Шапоров дубль жасады. Елордалық ұжым қақпашысы Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді.
«Барыс» - «Арлан» 5:3 (3:0, 0:1, 2:2)
1:0 - 07:16 - Шапоров (Амырканов, Турсынов) ГБ
2:0 - 08:18 - Трифонов (Цой)
3:0 - 19:27 - Шапоров ГМ
3:1 - 25:02 - Байков (Монахов, Толуспаев)
4:1 - 46:58 - Алдонгар (Трифонов)
5:1 - 50:36 - Саттар (Кенжегали) ГБ
5:2 - 55:22 - Аипов (Монахов) ГБ
5:3 - 56:09 - Пиниди (Базько, Аипов) ГБ
Қақпашылар: Кучковский - Габдуллин
«Торпедо» «Ястребы» командасымен текетіресте қателік жібермеді. Өскемендіктер әрбір кезеңде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып, қорғаныста мығым ойнады. Алексей Трегубов 5 (1+4) ұпай жинады, алаң иелерінің төрт шабуылына Артур Глухих (2+2) пен Александр Фокин (1+3) қатысты.
«Торпедо» - «Ястребы» 6:1 (2:0, 2:1, 2:0)
1:0 - 00:58 - Глухих (Фокин, Трегубов)
2:0 - 10:43 - Хан (Глухих, Трегубов) ГБ
3:0 - 35:35 - Худяков (Пупков)
4:0 - 38:20 - Глухих (Фокин, Трегубов)
4:1 - 39:56 - Михеев (Ауезбай, Бородин)
5:1 - 44:40 - Фокин (Трегубов, Хан) ГБ
6:1 - 53:03 - Трегубов (Фокин, Глухих)
Қақпашылар: Эрштейн - Кудимов
«Астана» «Ақтөбенің» бес матчқа созылған жеңіс сериясын үзді. Командалардың екінші текетіресі буллиттер сериясында аяқталды. «Елордалықтарға» екі балды Игнат Шевченконың дөп соққысы әкелді.
«Ақтөбе» - «Астана» 1:2 Б (0:0, 0:0, 1:1, 0:0, 0:1)
0:1 - 48:45 - Амангалиев (Бекеев, Селезнев)
1:1 - 57:29 - Артамонов (Потапов)
1:2 - 65:00 – Шевченко ПБ
Қақпашылар: Дубович - Куат
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.