Қазақстан жастар чемпионатының Астана мен Павлодардағы матчтарын бақылаймыз.
«Барыс» пен «Арлан» арасындағы екінші жекпе-жек елордалық ұжымның пайдасына шешілді. Алаң иелері шешуші серпілісті екінші кезеңде жасады. Кездесудің басты қаһарманы – төрт шайба салған Айтуар Нұржанов. Қақпашы Арсений Кучковскийдің есебінде тойтарылған 38 соққы бар.
«Барыс» - «Арлан» 5:2 (1:1, 2:0, 2:1)
1:0 - 02:00 - Нуржанов (Елдес)
1:1 - 08:09 - Пиниди (Базько, Толуспаев) ГБ
2:1 - 23:42 - Нуржанов (Кажибеков, Турсынов) ГБ
3:1 - 34:03 - Нуржанов (Кажибеков, Перкин)
4:1 - 48:41 - Алдонгар (Мырзатаев, Котлобаев)
4:2 - 51:05 - Монахов (Аипов, Пиниди) ГБ
5:2 - 55:52 - Нуржанов
Қақпашылар: Кучковский - Лаюров
«Мұнайшы» «Жас Батырмен» екінші матчтың алғашқы жиырма минутының қорытындысы бойынша есеп бойынша алда келе жатты. Алайда үзілістен кейін атыраулықтар өз ойын өрнегін тауып, сенімді түрде жеңіске жетті. Арсен Мұхамедияров (1+2) қонақтардың үш нәтижелі шабуылына қатысты.
«Мұнайшы» - «Жас Батыр» 1:6 (1:0, 0:4, 0:2)
1:0 - 12:41 - Абенов (Лариков)
1:1 - 21:17 - Бойцов (Иконников, Еркинов) ГБ
1:2 - 31:12 - Максимов (Алихан, Мухамедияров)
1:3 - 32:28 - Селезнев (Иконников, Актаев)
1:4 - 39:26 - Киселёв ГБ
1:5 - 48:37 - Мухамедияров (Ткачев) ГМ
1:6 - 52:48 - Багитжанов (Мухамедияров)
Қақпашылар: Пушков - Еркинов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.