Жексенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында 12 команда өз матчтарын өткізеді.
«Мұнайшы» мен «Құлагердің» екінші текетіресін командалар негізгі уақыттан тыс аяқтады. Овертаймда петропалдықтарға екі балды Александр Шипулиннің дөп соққысы сыйлады.
«Мұнайшы» - «Құлагер» 1:2 ОТ (1:1, 0:0, 0:0, 0:1)
1:0 - 06:46 - Бекбаев (Кладов, Смелов)
1:1 - 15:52 - Кузьмин (Шипулин, Телегин)
1:2 - 62:36 - Шипулин (Артемьев)
Қақпашылар: Челайдюк - Гиганов
«Ақтөбе» «Ястребы» командасын тағы да жеңді. Алаң иелері үшін жеңіс шайбасының авторы – Роман Двуреченский. Денис Афлитонов командаластарына екі рет пас берді.
«Ақтөбе» - «Ястребы» 4:3 (2:1, 1:1, 1:1)
1:0 - 03:09 - Катасонов (Цихоцкий)
1:1 - 06:40 - Михеев (Лебедев)
2:1 - 14:35 - Черныш (Герасимов)
2:2 - 22:44 - Талерко ГМ
3:2 - 23:58 - Потапов (Церульников, Афлитонов) ГБ
4:2 - 44:53 - Двуреченский (Афлитонов)
4:3 - 50:47 - Бородин (Семенюков, Крицин) ГБ
Қақпашылар: Дубович - Шарипов
«Астана» мен «Торпедо» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Бүгін «елордалықтар» дәлірек көздеді. Шешуші соққының авторы – Жанболат Бекеев.
«Астана» - «Торпедо» 4:3 Б (1:0, 0:1, 2:2, 0:0, 1:0)
1:0 - 09:34 - Графкин (Шегебаев, Селезнев) ГБ
1:1 - 23:40 - Тюменцев (Худяков)
1:2 - 47:10 - Шимин (Дубинкин, Астраханцев) ГБ
2:2 - 48:12 - Бекеев (Сулейменов, Селезнев)
3:2 - 54:59 - Сулейменов (Кентаев, Хидуанов)
3:3 - 58:56 - Рысбеков (Чалкин)
4:3 - 65:00 – Бекеев ПБ
Қақпашылар: Куат - Осенин (Грохотов, 65:00-65:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.