Құлагер Торпедоны күтпеген жерден жеңді, Астана елордалық тартыста Барыстан басым түсті

18 jeltoqsan
593

Сәрсенбіге Қазақстан жастар чемпионатында екі матч жоспарланды.

Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Торпедо» өз алаңында ойламаған жерден оныншы орында келе жатқан «Құлагерден» жеңілді. Петропавлдықтар кездесудің соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкетті. Қонақтарға екі балды дубль жасаған Сергей Горбань мен артық құрам ұйымдастырған Богдан Куминовтің дөп соққылары жеңіс әкелді. «Құлагердің» қақпашысы Богдан Гиганов қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Құлагер» 1:3 (0:1, 1:0, 0:2)

0:1 - 13:52 - Горбань (Фрукалов) ГБ

1:1 - 22:42 - Мирошниченко (Киселёв, Трегубов)

1:2 - 56:36 - Куминов (Фролов, Шипулин) ГБ

1:3 - 59:59 - Горбань (Комиссаров) ПВ

Қақпашылар: Эрштейн – Гиганов

«Астана» елордадағы алғашқы жекпе-жекте «Барыстан» басым түсті. Жеңіс шайбасының авторы – финалдық ысқырыққа үш минуттан астам уақыт қалғанда көзге түскен Жанболат Бекеев.

«Астана» - «Барыс» 3:2 (1:1, 0:0, 2:1)

0:1 - 15:56 - Тлеухан

1:1 - 17:40 - Амангалиев (Шевченко)

2:1 - 43:46 - Завьялов

2:2 - 52:49 - Бигаринов

3:2 - 56:45 - Бекеев (Сулейменов)

Қақпашылар: Куат - Кучковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.