Ташкент Селект өз тарихында алғаш рет құрғақ жеңіске жетті, Астана Мұнайшыны ойсырата жеңді

25 jeltoqsan
253

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына екі матч жоспарланды.

«Құлагермен» ойында қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берген қақпашы Максим Егуповтың тамаша ойыны «Ташкент Селектке» Jastar Ligasy-ндағы тарихында алғашқы құрғақ жеңіске жетуге көмектесті. Тимур Тилляходжаев, Альберт Дадаходжаев және Богдан Гайниахметов шайба салды. Петропавлдықтар үшін бұл биылғы маусымдағы 25-ші жеңіліс болды.

«Құлагер» - «Ташкент Селект» 0:3 (0:2, 0:1, 0:0)

0:1 - 12:06 - Тилляходжаев (Дадаходжаев, Горбанев) ГБ

0:2 - 19:17 - Дадаходжаев (Хайруллин, Багаутдинов)

0:3 - 33:33 - Гайниахметов Б. (Султанов, Гайниахметов Э.)

Қақпашылар: Валентюкевич (Елхимов, 20:00-60:00) - Егупов

«Астана» елордадағы бірінші ойында «Мұнайшыны» тырп еткізбеді. Қарсыласты екі реттен Богдан Дровосеков, Игнат Шевченко мен Жанболат Бекеев күйіндірді. Осы жетістігінің арқасында «елордалықтар» жиған балдары бойынша сегізінші орында келе жатқан «Арланмен» теңесті.

«Астана» - «Мұнайшы» 9:1 (1:0, 3:1, 5:0)

1:0 - 12:43 - Дровосеков (Кыдырбай, Самаров)

2:0 - 24:31 - Шевченко (Кыдырбай)

3:0 - 27:45 - Пашковский (Диль, Самаров)

4:0 - 34:27 - Бекеев (Шегебаев, Сатемиров)

4:1 - 39:31 - Лариков

5:1 - 43:30 - Графкин (Дровосеков, Мейрам)

6:1 - 44:00 - Дровосеков

7:1 - 47:41 - Шевченко (Мышляев, Кыдырбай)

8:1 - 59:27 - Бекеев (Шегебаев)

9:1 - 59:36 - Завьялов (Амангалиев)

Қақпашылар: Куат (Орешко, 59:36-60:00) - Пушков (Плотников, 47:41-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.