Қазақстан жастар чемпионатындағы желтоқсан айын қорытындылайық.
Бүгінгі таңда Jastar Ligasy-ның көшбасшысы – «Торпедо». Өскемендіктердің есебінде 34 матчтан кейін 53 ұпай, 26 жеңіс бар. Бұл ретте «Торпедо» лиганың барлық ұжымдары арасынан қорғаныс бойынша ең сенімді ойынды көрсетіп келеді (пассивте 80 шайба).
49 ұпаймен екінші қатарда «Барыс» тұр. Оның үстіне, қазіргі чемпиондар – биылғы маусымдағы ең нәтижелі ұжым (190 гол).
«Жас Батыр» мен «Ақтөбе» 47 ұпайдан иеленді. Алайда атыраулықтардың әлі ойнайтын төрт ойыны бар, сондықтан бұл команда лиганың шығысқазақстандық аралық көшбасшысына бәсеке туғыза алуы мүмкін.
Тоғызыншы орындағы «Астана» плей-оффқа шығу үшін тартысты ойын көрсетіп келеді. Ал «Құлагер», «Ташкент Селект», «Мұнайшы» мен «Горняк» сегіздіктен 20 және одан да көп ұпайға артта қалып келеді.
Қазіргі таңда лиганың үздік сұрмергені мен бомбардирі – Георгий Монахов. «Арланның» форварды қарсыласты 41 рет састырып, оған қоса 23 рет пас берді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.