Алматының, Ташкент Селект пен Барыстың үйдегі жеңістері

11 qańtar
164

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына үш матч жоспарланды.

«Алматы» «Құлагерді» еш қиындықсыз жеңді. Бірінші кезеңде-ақ петропавлдық қонақтардың қақпасына үш шайба аттанды. Әрі қарай есеп алшақтығы арта берді. Данил Долгополов хет-трик жасады, екі гол Юрий Андрусенконың есебінде. Дамир Айдуков (1+4) өз командасының бес нәтижелі шабуылына қатысты.

«Алматы» - «Құлагер» 8:1 (3:0, 2:1, 3:0)

1:0 - 13:30 - Долгополов (Андрусенко)

2:0 - 16:35 - Югай (Нурлан, Неумывакин)

3:0 - 16:50 - Айдуков (Андрусенко, Долгополов)

4:0 - 24:20 - Ырыс

4:1 - 25:38 - Куминов (Кузьмин)

5:1 - 36:14 - Андрусенко (Айдуков, Ырыс)

6:1 - 41:44 - Андрусенко (Айдуков, Долгополов)

7:1 - 48:00 - Долгополов (Айдуков)

8:1 - 49:14 - Долгополов (Буяльский, Айдуков)

Қақпашылар: Яковенко (Павлов, 45:34-60:00) - Валентюкевич

«Ташкент Селект» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Горнякты» сенімді түрде жеңді. Линар Хайруллин дубль жасады, Богдан Гайниахметов командаластарына төрт рет пас берді. Рудныйлықтар құрамынан Дмитрий Пархоменко хет-трик жасады.

«Ташкент Селект» - «Горняк» 7:4 (3:0, 1:1, 3:3)

1:0 - 05:38 - Хайруллин (Умеров, Гайниахметов Б.) ГБ

2:0 - 13:46 - Умеров (Гайниахметов Б.) ГБ

3:0 - 14:34 - Грязнов (Ганиев, Хайруллин)

3:1 - 29:47 - Пархоменко (Стенников)

4:1 - 37:37 - Хайруллин (Дадаходжаев, Гайниахметов Б.) ГБ

4:2 - 42:37 - Стенников (Пархоменко, Жумагалиев) ГБ

4:3 - 45:24 - Пархоменко

4:4 - 46:40 - Пархоменко (Стенников)

5:4 - 47:31 - Дадаходжаев (Гайниахметов Б., Умеров) ГБ

6:4 - 55:16 - Султанов (Хайруллин, Грязнов)

7:4 - 58:51 - Попов (Абдувосиков)

Қақпашылар: Иргашев - Шапошник

«Барыс» «Карметпен» үйдегі алғашқы матчында жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. 48-ші минутқа қарай елордалық ұжым төрт шайба үстемдікпен алда келе жатты. Алайда әрі қарай қонақтар есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартып, тартысты ойын көрсете білді. Десе де Владимир Завьяловтың ойыншылары өз дегенінде тұрды. Екі голды өз есебіне Егор Кравченко жазды, 5 балды нәтижелілік үшін Аристарх Киреев (1+4) иемденді. «Сары-қаралар» құрамынан Артур Хусаинов дубль жасады.

«Барыс» - «Кармет» 6:5 (1:1, 4:0, 1:4)

1:0 - 04:11 - Алдонгар (Киреев, Цой)

1:1 - 12:33 - Божко (Хусаинов) ГБ

2:1 - 23:09 - Кравченко (Киреев)

3:1 - 29:43 - Киреев (Кравченко)

4:1 - 31:19 - Тлеухан (Симахин, Ищенко) ГБ

5:1 - 34:08 - Бигаринов (Киреев, Кравченко)

5:2 - 45:36 - Кайбелев (Рублёв)

6:2 - 47:40 - Кравченко (Киреев) ГБ

6:3 - 53:37 - Хусаинов (Божко, Ольденбургер) ГБ

6:4 - 57:40 - Хусаинов (Гареев)

6:5 - 59:31 - Рублёв

Қақпашылар: Лыткин - Зюзин (Толеубай, 40:00-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.