Ақтөбе Астананы плей-оффқа өткізбеді, Алматы мен Ташкент Селект көпшілік күткен жеңіске жетті

12 qańtar
354

Қазақстан жастар чемпионатының Астанадағы, Алматы мен Ташкенттегі матчтарын бақылаймыз.

«Астана» «Ақтөбемен» матчта бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, әрі қарай екі шайбамен алға шықты. Алайда ойынды алдымен овертаймға айналдырып, ізінше дубль жасаған Савелий Потаповтың соққысынан кейін жеңісті жұлып алған қонақтар олжалы болды. «Ақтөбе» қақпашысы Максим Дубович қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді.

«Астана» - «Ақтөбе» 4:5 ОТ (2:1, 2:1, 0:2, 0:1)

1:0 - 05:00 - Завьялов (Шевченко, Шукелов) ГБ

2:0 - 07:11 - Фрукалов (Кушнеренко) ГМ

2:1 - 17:03 - Катасонов (Шпак)

3:1 - 22:04 - Шевченко (Амангалиев) ГМ

3:2 - 27:29 - Мозжерин ГМ

4:2 - 27:51 - Кушнеренко (Шегебаев, Бекеев) ГБ

4:3 - 43:55 - Потапов (Едрёнкин)

4:4 - 54:24 - Едрёнкин (Потапов)

4:5 - 63:58 - Потапов (Катасонов, Едрёнкин)

Қақпашылар: Куат - Дубович

«Алматы» «Құлагерді» тырп еткізбеді. Бұл ойында үшінші кезең шешуші болды. Кездесудің басты қаһарманы – петропавлдық қарсыластарды үш рет күйіндірген Алдияр Нұрлан. Оңтүстікастаналық ұжымның төрт шабуылына Данил Долгополов (1+3) қатысты.

«Алматы» - «Құлагер» 8:3 (1:1, 2:1, 5:1)

0:1 - 09:59 - Седов

1:1 - 11:58 - Айдуков (Долгополов, Андрусенко)

2:1 - 21:08 - Тен (Ботищев)

2:2 - 24:08 - Седов (Литвинцов, Шадрин)

3:2 - 32:36 - Нурлан (Андрусенко, Долгополов) ГБ

4:2 - 44:31 - Долгополов

5:2 - 46:16 - Неумывакин (Югай, Нурлан)

6:2 - 53:30 - Нурлан (Киргизбаев, Айдуков) ГМ

7:2 - 54:27 - Нурлан (Татаринцев)

8:2 - 55:20 - Андрусенко (Айдуков, Долгополов)

8:3 - 58:38 - Гридчин

Қақпашылар: Павлов (Прицкер, 54:27-60:00) - Валентюкевич

«Ташкент Селект» пен «Горняктың» екінші кездесуі екіге бөлінді. Ойынның бірінші жартысында рудныйлықтар белсендірек болып, есеп бойынша алға шықты. Ал екінші жартысында алаң иелері матчты өз бақылауына алып, қатарынан бес шайба салды. Ташкенттіктер құрамынан Артём Грязнов хет-трик жасады. Қонақтардан екі голдың авторы – Дмитрий Пархоменко.

«Ташкент Селект» - «Горняк» 7:3 (2:2, 3:1, 2:0)

0:1 - 08:58 - Пархоменко

1:1 - 15:01 - Ковальчук

1:2 - 15:42 - Пархоменко (Стенников)

2:2 - 15:52 - Мирзабаев (Петросян)

2:3 - 28:41 - Лопухов (Стенников, Жумагалиев) ГБ

3:3 - 29:44 – Гайниахметов Э. (Султанов, Тилляходжаев) ГБ

4:3 - 34:51 - Грязнов (Гайниахметов Э.)

5:3 - 37:08 - Дадаходжаев (Ковальчук, Гайниахметов Б.)

6:3 - 42:07 - Грязнов (Гайниахметов Э.)

7:3 - 52:00 - Грязнов (Умеров, Султанов)

Қақпашылар: Иргашев (Ан, 52:00-60:00) - Кушкенов (Шапошник, 15:52-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.