Қазақстан жастар чемпионатының ойын аптасы екі матчпен ашылды.
«Астана» «Ақтөбемен» екінші текетіресті екпіндетіп бастап, маңызды жеңіске қол жеткізді. Бұл жетістік «елордалықтар» үшін биылғы тұрақты чемпионаттағы 20-шысы. Қарсыласты екі реттен Алексей Фрукалов пен Жанболат Бекеев күйіндірді. Екі балының арқасында «Астана» плей-оффқа еніп, көкшетаулық «Арланды» ығыстырды.
«Астана» - «Ақтөбе» 4:3 (3:1, 0:1, 1:1)
1:0 - 05:25 - Фрукалов (Селезнев, Шевченко) ГБ
2:0 - 06:32 - Бекеев (Селезнев, Кушнеренко) ГБ
3:0 - 09:56 - Фрукалов (Амангалиев)
3:1 - 11:58 - Цихоцкий (Поленов)
3:2 - 24:18 - Мозжерин
4:2 - 43:53 - Бекеев (Селезнев)
4:3 - 56:14 - Катасонов (Потапов, Поленов)
Қақпашылар: Куат - Дубович
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.