Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Оралда өтті.
Екі батысқазақстандық команданың тартысында екінші ойын кезеңінде есеп бойынша шешуші межені орнатқан «Жас Батыр» басым түсті. Атыраулықтар құрамынан Мәдихан Күнтуғанов дубль жасады. Қонақтардың қақпашысы Дәулет Еркінов қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді. Осы жетістігінен кейін «Жас Батыр» чемпионат көшбасшысы «Торпедодан» алшақтықты бір балға дейін қысқартты.
«Ястребы» - «Жас Батыр» 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)
0:1 - 07:56 - Киселёв (Иконников)
1:1 - 17:46 - Крицин (Лебедев, Әуезбай) ГБ
1:2 - 23:12 - Ерасов (Мухамедияров)
1:3 - 30:03 - Күнтуғанов (Игнатов)
1:4 - 42:44 - Күнтуғанов (Киселёв, Игнатов) ГБ
Қақпашылар: Шарипов - Еркінов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.