Ташкент Селект Алматыны жеңіп, сенсация жасады, Жас Батыр бірінші орынға шықты

16 qańtar
220

Бейсенбіге Қазақстан жастар чемпионатында екі матч жоспарланды.

«Ташкент Селект» өз алаңында «Алматыны» жеңіп, сенсация жасады. Өзбекстандық ұжымға жеңісті артық құраммен сәтті ойын сыйлады. Ал жеңіс шайбасын Эрик Гайниахметов финалдық ысқырыққа 21 секунд қалғанда салды. Алаң иелерінің қақпашысы Максим Егупов қақпаға бағытталған 38 соққыға тойтарыс берді.

«Ташкент Селект» - «Алматы» 3:2 (1:0, 1:2, 1:0)

1:0 - 19:26 - Ковальчук (Умеров, Гайниахметов Б.) ГБ

2:0 - 22:15 – Гайниахметов Б. (Ковальчук, Умеров) ГБ

2:1 - 30:18 - Долгополов (Югай, Айдуков) ГБ

2:2 - 39:55 - Айдуков (Югай)

3:2 - 59:39 – Гайниахметов Э.

Қақпашылар: Егупов - Яковенко

«Жас Батыр» Оралда екінші рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Бұл ретте алаң иелері екі шайба алда келе жатып, соңғы кезеңде ойын қонақтардың бақылауына өтті. Шешуші шайбаның авторы –Матвей Рудаков.

«Ястребы» - «Жас Батыр» 3:4 (2:1, 1:1, 0:2)

0:1 - 04:30 - Бойцов (Еркинов, Актаев)

1:1 - 14:16 - Родионов (Рахимов)

2:1 - 19:18 - Михеев (Рахимов) ГБ

3:1 - 33:24 - Ауезбай (Рахимов, Талерко) ГМ

3:2 - 37:20 - Еркинов (Рудаков)

3:3 - 41:21 - Игнатов (Гусейнов, Иконников)

3:4 - 43:43 - Рудаков (Бабичев)

Қақпашылар: Шарипов - Еркинов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.