Торпедо көшбасшылыққа оралды, Дмитрий Пахоленко Арланды «құрғатты»

17 qańtar
142

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясына екі матч жоспарланды.

«Торпедо» «Ақтөбемен» үйдегі алғашқы текетіресте олқылық жібермей, турнир кестесіндегі бірінші орнына оралды. Владислав Ануфриев қонақтарды екі рет састырып, өскемендіктердің үш нәтижелі шабуылына Диас Рысбеков (1+2) қатысты. Келесі салынған шайба «Торпедоны» биылғы чемпионаттағы 200-дік межеге жеткізді. Әзірге бұл межені бағындырған тек «Барыс» қана.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 6:2 (1:0, 1:0, 4:2)

1:0 - 00:28 - Рысбеков (Хан)

2:0 - 33:17 - Ануфриев (Дубинкин) ГМ

3:0 - 41:21 - Ануфриев (Тюменцев)

4:0 - 44:20 - Хан (Рысбеков, Трегубов)

5:0 - 46:58 - Челюк (Васильев)

5:1 - 49:56 - Мозжерин (Цихоцкий, Поленов)

5:2 - 50:54 - Касымов (Цихоцкий, Поленов) ГБ

6:2 - 54:42 - Трегубов (Глухих, Рысбеков) ГБ

Қақпашылар: Эрштейн - Дубович

«Кармет» «Арланмен» матчта жеңіске жетті. Жекпе-жектің басты қаһарманы – өз есебіне 40 сейвті жазған «сары-қаралардың» қақпашысы Дмитрий Пахоленко. Алаң ойыншылары өзінің голкиперіне Матвей Умеренков пен Никита Рублёвтің дөп соққыларымен көмектесті,

«Кармет» - «Арлан» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 39:33 - Умеренков (Омельницкий, Симонов)

2:0 - 44:13 - Рублёв (Соколов)

Қақпашылар: Пахоленко - Лаюров


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.