Ақтөбе Павлодардан алты ұпаймен қайтты, Астана Өскеменде қарымта қайтарды

22 qańtar
261

Қазақстан жастар чемпионатының Павлодар мен Өскемендегі матчтарын бақылаймыз.

«Ақтөбе» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Мұнайшымен» екінші матчта сенімді түрде жеңіске жетті. Соңғы кезеңде алаң иелерінің қақпасына жауапсыз алты шайба аттанды. Қонақтардың бес нәтижелі шабуылына Даниил Цихоцкий (2+3) қатысты, төрт балды Максим Мозжерин (2+2) иемденді.

«Мұнайшы» - «Ақтөбе» 3:8 (1:1, 2:1, 0:6)

0:1 - 01:03 - Цихоцкий (Мозжерин, Зубарев)

1:1 - 08:39 - Ташимов (Калина)

1:2 - 21:58 - Цихоцкий (Артамонов)

2:2 - 31:52 - Анциферов (Шишикин)

3:2 - 35:04 - Прохоров (Головащенко)

3:3 - 41:05 - Мозжерин (Цихоцкий)

3:4 - 43:42 - Шпак

3:5 - 44:02 - Поленов (Потапов)

3:6 - 45:15 - Артамонов (Мозжерин, Цихоцкий)

3:7 - 49:55 - Мозжерин (Цихоцкий, Поленов)

3:8 - 52:18 - Церульников (Катасонов, Шпак)

Қақпашылар: Пушков - Шпигун

«Астана» «Торпедодан» қарымта қайтарды. Жеңіс шайбасының авторы –Айдар Сүлейменов, Жанболат Бекеев командаластарына екі рет пас берді. «Елордалықтар» екі балл жинап, турнир кестесінде алтыншы қатарға шықты.

«Торпедо» - «Астана» 1:3 (0:1, 0:0, 1:2)

0:1 - 02:56 - Шукелов ГБ

0:2 - 50:59 - Сулейменов (Фрукалов, Бекеев)

1:2 - 56:08 - Надейкин (Шимин)

1:3 - 59:32 - Кушнеренко (Бекеев) ПВ

Қақпашылар: Эрштейн - Куат


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.