Қазақстан жастар чемпионатының Петропавлдағы, Астана мен Теміртаудағы матчтарын бақылаймыз.
«Құлагер» мен «Ястребы» командаларының екінші текетіресі матчтың соңында шешілді. Оралдықтарға Петропавлдағы екінші жеңісті артық құраммен көзге түскен және дубль жасаған Денис Семенюковтің дөп соққысы сыйлады. Енді «Ястребы» командасының плей-оффтан алшақтығы бір балды құрайды.
«Құлагер» - «Ястребы» 3:4 (0:0, 1:1, 2:3)
0:1 - 23:43 - Семенюков (Рахимов)
1:1 - 38:24 - Заруцкий (Шадрин) ГБ
1:2 - 43:45 - Бородин (Шарипов) ГБ
2:2 - 48:11 - Серикбулатов (Седов, Юдин)
3:2 - 49:05 - Шипулин (Шадрин) ГБ
3:3 - 53:21 - Черников (Мануилов, Утепкалиев)
3:4 - 55:46 - Семенюков (Рахимов) ГБ
Қақпашылар: Елхимов – Шарипов
«Барыс» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, атыраулық қарсыластарын тағы да жеңді. Жекпе-жектің қаһарманы – қатарынан екі күн хет-трик жасаған Таир Бигаринов. Осы жетістігінен кейін елордалық ұжым ұпай бойынша «Жас Батырмен» теңесті және қосымша көрсеткіштер бойынша чемпионаттың турнир кестесінде көш бастады.
«Барыс» - «Жас Батыр» 5:2 (0:0, 4:1, 1:1)
0:1 - 22:56 - Еркинов (Бойцов, Актаев)
1:1 - 29:10 - Бигаринов
2:1 - 30:28 - Бигаринов (Алдонгар)
3:1 - 30:58 - Турсынов (Саттар, Тлеухан)
4:1 - 35:38 - Саттар (Тлеухан)
4:2 - 45:08 - Иконников (Чокпаров, Рудаков)
5:2 - 58:26 - Бигаринов ПВ
Қақпашылар: Кулаков - Еркинов (Костоев, 35:38-58:10, 58:26-60:00)
«Алматы» металлургтер қаласында қарымта қайтарды. Оңтүстікастаналық ұжымға үшінші кезең жеңіс әкелді. Өздерінің есептерін Павел Неумывакин, Дамир Айдуков пен Данил Долгополов толтырды. Қонақтардың қақпашысы Илья Яковенко қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.
«Кармет» - «Алматы» 1:3 (0:0, 0:1, 1:2)
0:1 - 27:50 - Неумывакин (Долгополов, Токтасынов) ГБ
1:1 - 45:14 - Божко (Хусаинов, Кайбелев) ГБ
1:2 - 51:16 - Айдуков (Неумывакин, Долгополов)
1:3 - 57:58 - Долгополов (Айдуков)
Қақпашылар: Төлеубай - Яковенко
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.