Елордадағы буллиттер, Ақтөбедегі овертайм

29 qańtar
223

Қазақстан жастар чемпионатының Астана мен Ақтөбедегі матчтарын бақылайық.

«Барыс» пен «Алматының» екінші текетіресінде жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды. Нәтижесінде екі балды елордалық ұжым иеленді және кестеде көш бастап тұр. Шешуші соққының авторы – Аңсар Алдоңғар.

«Барыс» - «Алматы» 3:2 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 22:24 - Тлеухан (Алдонгар)

1:1 - 24:36 - Ермак (Долгополов)

2:1 - 40:18 - Бигаринов (Кравченко, Дронов)

2:2 - 45:39 - Долгополов (Ермак, Неумывакин) ГБ

3:2 - 65:00 – Алдонгар ПБ

Қақпашылар: Кучковский - Яковенко

«Торпедо» Ақтөбеде тағы да жеңіске жетті, тек бұл жолы кездесу овертаймда аяқталды. Қонақтарға жеңіс сыйлаған авторы – Кирилл Хан. Осы жетістігінен кейін өскемендіктер тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орын үшін тартыста қалып отыр.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 4:5 ОТ (1:1, 1:1, 2:2, 0:1)

0:1 - 04:44 - Дубинкин (Астраханцев, Чалкин)

1:1 - 17:28 - Цихоцкий (Герасимов)

2:1 - 23:16 - Мозжерин (Цихоцкий)

2:2 - 36:39 - Ануфриев (Надейкин, Трегубов) ГБ

2:3 - 44:17 - Рысбеков (Астраханцев)

3:3 - 48:35 - Кошевник (Потапов, Черныш)

4:3 - 51:08 - Потапов (Кошевник, Афлитонов)

4:4 - 53:53 - Чалкин (Дубинкин, Шимин)

4:5 - 60:24 - Хан (Рысбеков) ГБ

Қақпашылар: Дубович - Грохотов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.