Кармет Ташкентте жеңіске жетті, Жас Батыр Арланды жеңіп, бірінші орынға шықты

5 aqpan
199

Сейсенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында екі кездесу өтті.

«Кармет» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Ташкент Селектке» қарсы ойында сенімді түрде жеңіске жетті. Қонақтар құрамынан екі дөп соққыны өз есебіне Виталий Божко жазды. «Сары-қаралар» плей-офф аймағына бекіп, биылғы маусымдағы 200 шайбалық межеге бір гол жетпей тоқтады.

«Ташкент Селект» - «Кармет» 3:8 (1:3, 2:1, 0:4)

0:1 - 00:24 - Хусаинов (Божко)

0:2 - 10:32 - Божко (Забурдяев, Хусаинов)

0:3 - 14:03 - Забурдяев (Божко, Хусаинов)

1:3 - 19:00 – Гайниахметов Э. (Гайниахметов Б.)

1:4 - 22:46 - Коротких (Забурдяев)

2:4 - 28:32 - Кузнецов (Грязнов) ГМ

3:4 - 32:38 - Грязнов ГМ

3:5 - 42:53 - Симонов (Калкабек, Нурканов)

3:6 - 45:31 - Калкабек (Симонов, Нурканов)

3:7 - 52:42 - Божко (Хусаинов)

3:8 - 53:22 - Нурканов (Венецкий)

Қақпашылар: Егупов (Ан, 52:40-60:00) - Толеубай (Зюзин, 32:38-60:00)

«Жас Батыр» «Арланмен» үйдегі алғашқы текетіресте қате жібермеді. Алайдар Актаев дубль жасады, атыраулықтар үшін жеңіс шайбасының авторы – Егор Максимов. Осы жеңістен кейін алаң иелері турнир кестесіндегі аралық бірінші орынға оралды.

«Жас Батыр» - «Арлан» 5:3 (3:2, 1:1, 1:0)

0:1 - 06:52 - Залевский (Петрухин) ГБ

1:1 - 13:17 - Актаев (Чокпаров, Рудаков)

1:2 - 16:04 - Байков (Петрухин, Кабдуали)

2:2 - 18:04 - Гусейнов

3:2 - 18:25 - Мухамедияров (Ерасов, Иконников)

4:2 - 21:17 - Максимов (Ткачев, Киселёв) ГБ

4:3 - 35:39 - Чепышкин (Перминов)

5:3 - 50:20 - Актаев (Рудаков)

Қақпашылар: Еркинов - Лаюров


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.