Бейсенбіге Қазақстан жастар чемпионатында екі матч жоспарланды.
«Мұнайшы» мен «Барыс» екінші кездесуде жеңімпазды негізгі уақыттан тыс анықтады. Овертаймда елордалық хоккейшілер дәлірек көздеді. Шешуші шайба Арыстан Әмірқановтың есебінде. Қонақтардың барлық нәтижелі шабуылдарына Таир Бигаринов (2+1) қатысты. Екі балының арқасында «Барыс» турнир кестесінде аралық бірінші орынға шықты.
«Мұнайшы» - «Барыс» 2:3 ОТ (0:0, 2:2, 0:0, 0:1)
0:1 - 26:21 - Бигаринов (Турсынов, Гридасов)
1:1 - 27:24 - Лариков (Головащенко, Смелов) ГБ
2:1 - 29:20 - Гебель (Бекбаев, Попов)
2:2 - 32:49 - Бигаринов (Шакшакбаев, Кенжегали)
2:3 - 63:38 - Амырканов (Бигаринов)
Қақпашылар: Пушков - Кучковский
«Ястребы» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, түзде рудныйлықтарды тағы да ойсырата жеңді. Бұл ретте «Горняк» қарсы қақпаға 16 соққы бағыттады, десе де Абай Шәріпов пен Игнат Яговкиннің қақпасын ала алмады. Артём Лебедев хет-трик жасады. Осы жеңісінен кейін «Ястребы» лига ұжымдарының үздік төрттігіне енді.
«Горняк» - «Ястребы» 0:7 (0:1, 0:1, 0:5)
0:1 - 11:37 - Семенюков (Рахимов)
0:2 - 28:26 - Крицин (Бородин, Родионов) ГБ
0:3 - 43:33 - Бородин (Михеев)
0:4 - 43:54 - Лебедев (Рахимов)
0:5 - 49:11 - Лебедев (Рахимов, Семенюков) ГБ
0:6 - 49:41 - Макаринцев (Шакубаев)
0:7 - 59:03 - Лебедев (Родионов, Бородин) ГМ
Қақпашылар: Шинковский - Шарипов (Яговкин, 47:51-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.