Жас Батыр - Горняк матчтары өтпейтін болды
Республикалық жарыстар өткізу департаменті логистика түйткілдеріне және билеттерді жеткілікті көлемде сатып алудың қиындығына байланысты «Gornyak» ЖХК 24 және 25 ақпанда «Jas Batyr» командасымен өтеді деп жоспарланған №306 және №311 матчтарына келе алмағанын хабарлайды. Күнтізбенің тығыздығы мен матчтарды әрі қарайға ауыстыру мүмкіндігінің жоқтығына байланысты «Gornyak» командасына аталған матчтарда техникалық жеңілістер есептелді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.