Қазақстан жастар чемпионатының ойын аптасы бір матчпен ашылды.
«Астана» мен «Арлан» арасындағы екінші кездесудің бірінші кезеңі қонақтардың пайдасына шешілді. Алайда әрі қарай алаң иелері өз ойын өрнегін тауып, ара-арасында ұтымды сәттерді жүзеге асыра бастады. Нәтижесінде финалдық ысқырық тұрақты чемпионатты 59 балмен аяқтаған «елордалықтардың» маңызды жеңісін тіркеді. Бүгінгі ойында шешуші соққының авторы Игнат Шевченко болды, дубльді Жанболат Бекеев жасады.
Енді плей-оффқа қалған екі жолдаманың тағдыры «Арлан» мен «Алматының» текетіресінен кейін шешіледі. Қос ұжымның да есептерінде 56 ұпайдан бар.
«Астана» - «Арлан» 5:4 (0:2, 3:1, 2:1)
0:1 - 05:22 - Залевский (Любченко)
0:2 - 10:54 - Каиргелди (Артемьев, Кабдуали) ГБ
1:2 - 22:23 - Бекеев (Селезнев, Фрукалов) ГБ
1:3 - 28:58 - Кабдуали (Каиргелди)
2:3 - 30:23 - Шегебаев (Сатемиров, Завьялов)
3:3 - 31:24 - Бекеев (Селезнев, Фрукалов)
4:3 - 43:48 - Шевченко (Фрукалов, Селезнев) ГБ
5:3 - 46:21 - Фрукалов (Селезнев)
5:4 - 56:30 - Кабдуали (Кентаев) ГБ
Қақпашылар: Куат - Габдуллин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.